АРПА-БИДАЙ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Егінжайдан ескен леп 

АРПА-БИДАЙ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Ерте көктемнен басталған арпа-бидай егу жұмыстары ауа-райының қолайлы болуына байланысты ойдағыдай аяқталды. Аудан бойынша жоспарланған 7030 гектар жерге  арпа-бидай себілсе, жалпы   көктемгі дала жұмыстарына 176 трактор, 78 соқа,  53 тырма, 59 тұқым сепкіш  техникалары жұмылдырылды. 

Бүгінгі таңда аудан диқаншылары алдағы күріш, көкөніс дақылдарын егу науқанына  қатысатын ауыл шаруашылығы техникаларына жөндеу жұмыстарын жүргізіп,  техникаларға қажетті қосалқы бөлшектер алып, дайындық жұмыстарына кірісіп кетті. 

Күріш, көкөніс дақылдарын егу үшін жер жырту, дайындау жұмыстарын күннің жылынуына байланысты сәуір айының 10-ы күні бастау жоспарланып отыр.

Арзандатылған дизель отыны «Қарамай Продактс» ЖШС-і арқылы сәуір айында литрына 165 теңгеден, шаруашылықтарға барлығы 600 тонна жанар-жағар май бөлінді. Бүгінгі таңда мұның 58 тоннасы алынды. Қапшағай су қоймасында 17 730 млрд. м3/сек  жиналып, Іле өзеніне 380  м3/сек жіберілуде.



Бүркіт МҰҚАНОВ, аудандық ауылшаруашылық 

бөлімінің басшысы.         


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
  • ҰСЫНЫС - ПІКІРЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
  • ШӨП ОРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
  • АУДАНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
  • Мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мекеме басшылары айлық еңбекақыларын