
Балқаш ауданы бойынша 2026–2027 оқу жылында 7–8 сынып оқушылары арасында баскетболдан өткен аудандық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысында М. Сеңгірбаев атындағы орта мектептің командасы жүлделі III орынға ие болды.
Бұл жетістік – оқушылардың табандылығы мен командалық бірлігінің, тынымсыз жаттығуы мен спортқа деген сүйіспеншілігінің нәтижесі.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне берулеріңізге тілектеспіз!
Тек алға, биіктерге самға! Әрбір қадамдарыңыз жеңіске, әрбір талпыныстарыңыз үлкен жетістікке жетелесін!


