Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б






IMG-20200404-WA0098 (3).jpg3 сәуірде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында Елбасы өңірде болып жатқан оң өзгерістерден хабардар екенін айтты. Ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды сұрап білді. Облыс басшысы дер кезінде қабылданған шаралар вирустың таралуын тоқтатуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Мұнда жұмыстар «Nur Otan» партиясымен бірлесіп атқарылуда. Волонтерлар «Біз біргеміз» акциясының аясында аурудың алдын алуға елеулі үлес қосып келеді. 
Елбасы көктемгі дала жұмыстарының дайындығына ерекше тоқталды. Бұл ретте Жетісу өңірінің ауыл шаруашылығы саласында көшбасшы аймақ екенін де еске салды. 
«Биылғы жылы 1 миллион гектарға жуық егіс алқабы игеріледі. Яғни өткен жылмен салыстырғанда алқап көлемі 5 мың гектарға ұлғайтылды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес біз қант қызылшасының бұрынғы даңқын қайта көтердік. Осы дақылдың егістік алқабы биылғы жылы 16 мың гектарға жеткізіледі, бұл облыстың екі қант зауытының шикізатқа деген сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді», - деді облыс әкімі.
Әңгімелесу барысында елдегі төтенше жағдай кезінде халықты жұмыспен қамту шараларына ерекше көңіл бөлінді. Бұл орайда Амандық Баталов Алматы қаласында карантин енгізілуіне байланысты қазіргі кезде облыс аумағында қалған шағын және орта бизнес саласынан жұмыстан шығып қалған азаматтардың мәселесін шешу ісіне жіті тоқталды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты қолдауға бағытталған игі шешімдер қабылдады. Алматы облысының басқару органдарының жүйелі жұмысының арқасында және мемлекеттік сараптама қорытындылары бар жобалық-сметалық құжаттардың дер кезінде дайын болуының нәтижесінде біз республикалық бюджеттен 109,2 миллиард теңге алдық. Бұл 22,8 мың жұмыс орнының құрылуымен 977 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осы соманың 58,9 млрд. теңгесі немесе 54%-і әлеуметтік-мәдени саланың 429 жобасын жүзеге асыруға бағытталады.
Мұның бәрі сіздің Ұлттық әл-ауқат қорын құру туралы дер кезінде қабылдаған салиқалы шешіміңіздің арқасында мүмкін болып отыр», - деді Амандық Баталов.
Бұл ретте Елбасы Қор құру туралы шешім қабылданған жылдарда бұл бастамаға қарсы болғандар да болғанын еске түсірді. «Мен алдағы күндерде бізге ауқымды қаражат қажет болатын қиындықтар туып қалуы мүмкін екендігін білдім. Осымен бірнеше рет біз Ұлттық әл-ауқат қорын қолдану арқылы ауыр сынақтардан шығудың жолын таптық», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Амандық Баталов та тоқсаныншы жылдардағы жағдайларды еске алды. Ол кезде А. Баталов Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі болатын. Осы ауданның тұрғындарымен кездесуге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келген еді.
«Халықпен кездесуде айтқан сөздеріңіз әлі күнге есімде. Сонда сіз сәл шыдай тұру керектігін, экономиканы аяғынан тұрғызуға барлық жағдайды жасап жатқанымызды айттыңыз. Сол айтылғандардың барлығы да орындалды. Сіздің басшылығыңызбен еліміз экономикада елеулі табыстарға қол жеткізді, әлемдік қауымдастықта беделге ие болды. Бүгінгі орын алған жағдайларды ескерсек, бұл қиындықты да лайықты еңсеретінімізге сенемін», - деді Амандық Баталов.
Облыс әкімімен әңгімелесуі барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбев Талдықорғаннан Үшаралға баратын жолдың құрылысы жайлы сұрады. Амандық Баталовтың айтуынша, мердігерлер биылғы жылы жаңа автомагистраль жолын ашуды жоспарлап отыр, ал қалған жұмыстар келесі жылы аяқталады. Сол сияқты  Үшарал – Достық жолының жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын, бұл жұмыстардың биылғы жылы аяқталатынын да айтты. Ақши ауылына апаратын 70 шақырымдық жолды қамтитын бірінші кезең аяқталуда, ал екінші бөлігі биыл басталады. Бұл Жетісудың жақұты саналатын Алакөл көліне қазақстандықтардың және шетелдік туристердің қиындықсыз жетуіне жағдай туғызады. 
Сонымен бірге облыс әкімі Елбасыға  өңірдегі алма бақтарын дамыту жайлы да баяндады. Қазіргі кезде өңірде 24 мыңнан астам алма бағы бар, олардың басым бөлігінде тамшылатып суару әдісі қолданылады. Елбасы апортқа қатысты сауал қойды. Амандық Баталовтың айтуынша, өңірде алманың бұл сорты 2 мың гектарға егілген.
«Біздің алмаларда Іле Алатауының иісі бар, ол әсіресе Араб елдерінде ерекше сұранысқа ие. Бізге Премьер-Министр Асқар Мамин келгенде өнімдерімізді және оларда қолданылатын технологияны көріп, таңданды», - деді облыс әкімі.
Облыс орталығы Талдықорған қаласының қазіргі даму жағдайы да әңгімеге арқау болды. Елбасы қалаға келіп, халықпен кездескісі келетінін айтты.
«Екі мыңыншы жылдардың басында қала халқының саны 97 мыңдай болғанын және олардың көпшілігі басқа жаққа көшкісі келгенін сізге баяндаған едім. Қазіргі кезде мұндағы халықтың саны екі есеге өсіп, 180 мыңнан асты. Сіздің қолдауыңыздың арқасында біз көптеген әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырдық. Биылғы жылы 280 орындық студенттер жатақханасының құрылысын аяқтаймыз, Олимпиадалық бассейн салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сіздің «Нұрлы жол» бағдарламаңызбен көп балалы отбасыларға коттедж үйлерді пайдалануға бергенімізде азаматтардың көпшілігі сіздің атыңызға, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына алғыстарын білдірді», - деді облыс әкімі. 
Телефон арқылы әңгімелесу соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жемісті еңбектері үшін өңір халқына ризашылығын білдірді. Ол біздің барлық күшіміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындаудың маңайына шоғырландырылуы тиістігін атап өтті. «Тек біздің ынтымағымыз бен бірлігіміз ғана қазіргі қиындықтарды еңсеруге көмектеді», - деді сөзінің қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев.

-- Ответить

 Переслать

СпасибоХорошо, спасибо за информациюОк, принято



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Казахстане проживает 5 человек по имени Атом
  • Қазақстанда Атом есімді 5 адам бар
  • Вопрос строительства АЭС обсуждается на встречах представителей Народного штаба с жителями ВКО
  • Как строительство АЭС в Казахстане изменит рынок недвижимости, рассказали эксперты
  • В Алматы обсудили безопасность АЭС и ее экономическую эффективность