Ежелгі дәуір өркениеті

1507526441_article_b_1500__1542123349.jpeg

Ежелгі дәуір өркениеті

Тарихтың тағылымы мол мұрасы, сарқылмас қазынасы, Ұлы дала өркениетін, тарихи ескерткіштер мен мәдени құндылықтарымызды зерделеп, тың зерттеулер жүргізу арқылы, оның рухани құндылықтарын өскелең ұрпаққа таныту – рухани жаңғыруымызға жаңаша серпін беріп, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыруға үлкен үлес қосу болып табылатыны сөзсіз.

 Осы орайда наурыз айының алғашқы аптасында аудандық тарихи-өлкетану музейінде  «Қазақстанның ежелгі қалалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, экскурсия жүргізілді.

Қатысушылар назарына «Ұлы дала өркениеті» атты бейнеролик ұсынылып, экскурсия ең көне қалаларымыздың бірі -  оның өткенінен сыр шертетін, бұл күндері басы бүтін жалғыз ғимарат, Арыстанбаб кесенесі тұрған Отырар қаласы, Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, «түркілер мекені» атанған бабаларымыздың көне қаласы-Түркістан, Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында Тараз-Бішкек көлік жолындағы ортағасырлық Аспара қаласы, Алматыдан Шығысқа қарай, Іле-Алатау бөктеріндегі Іле өңірінің әкімшілік-мәдени орталығы болған, ежелгі Талғар қаласы. Жамбыл облысындағы ортағасырлық Мерке, Құлан, Оңтүстік Қазақстандағы Құмкент, Сырдарияның Арал теңіз-іне құяр тұсындағы ортағасырлық Жанкент, сонымен қатар Қазақстандағы ортағасыр-лардағы белгілі қалалар-Суяб, Баласағұн, Орта Азия мен Қытай мемлекеттерін байланыстыратын Ұлы Жібек жолы басып өткен, әлемге әйгілі көне Тараз, ежелгі қазақ жерінің рухани орталығы - Сайрам, Шығыс пен Батысты байланыстырған сауда жолының бойындағы Сарайшық және Сауран, ХІІІ ғасырда Қазақстанның оңтүстік астанасының орнында өмір сүрген Алматы қаласының тарихын баян етіп, туған жеріміз, Іле-Балқаш өңіріндегі Ұлы Жібек жолының бағыттарының керуен жолындағы көне қалашық-тарымыз, өлкеміздегі ежелгі дәуір өркениетінің тұғыры - Көктам, Ақтам, Ағашаяқ, Бояулы, Бақанас, Қарамерген қалаларының тарихымен сабақтастырыла жүргізілді.


Әсем Айдарбекова, аудандық тарихи-өлкетану 

музейінің қор сақтаушысы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Казахстане проживает 5 человек по имени Атом
  • Қазақстанда Атом есімді 5 адам бар
  • Вопрос строительства АЭС обсуждается на встречах представителей Народного штаба с жителями ВКО
  • Как строительство АЭС в Казахстане изменит рынок недвижимости, рассказали эксперты
  • В Алматы обсудили безопасность АЭС и ее экономическую эффективность