САЯБАҚҚА ДЕМЕУШІЛЕР КӨМЕГІМЕН КӨШЕТТЕР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

60bdc397-9183-406f-ba02-91aa144b4ea8.jpg

Жақында Бақбақты ауылдық округінде «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясын жүзеге асыру мақсатында ауыл орталығында орналасқан Ұлы Отан соғысының ардагері мен Еңбек ардагері Алтынбай Сәтбаев атындағы саябаққа 100 дана шырша, 100 дана ақ қайын және 100 дана әртүрлі табиғи ағаш көшеттері отырғызылды.

9403f0d5-7209-4126-81e9-7e6f41d90130.jpg

Ауыл тұрғындарының демеушілігімен ұйымдастырылған іс - шара барысында жастар қауымы ауыл қарияларының ақыл - кеңестеріне мұқият құлақ түріп, ағаш көшеттерді отырғызу жұмыстарында ерекше белсенділік көрсетті.

        Аталмыш акция аясында ұйымдастырылған шарада «Құрмет» орденінің иегері, Балқаш ауданының Құрметті азаматы, ардагердің ұрпағы Сапарғали Сәтбаев аталмыш саябақтың абаттануына демеушілік көрсеткен ауыл тұрғындарына ризашылығын білдіріп, ағаш көшеттерін от-ырғызу жұмыстарына атсалысқан жас буын өкілдеріне «Жұлдыздарын жарық болсын!» деген ақ батасын берді. 

 Сенбілік соңында ауыл әкімі Ермек Өнербеков ағаш көшеттерін отырғызуда бел-сенділік көрсеткен жастарға ауыл  тұрғындары атынан алғысын білдіріп, «Ауылдың болашағы бүгінгі жастардың қолында. Осындай игі шара-ларға үнемі атсалысып, ауылды көркейту жұмыстарын бірлесіп атқарайық» деп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жайында өзінің ойын ортаға салып, ауыл жастарының идеясына құлақ түрді.    

  Саябақтарда алуан түрлі ағаштар мен көздің жауын алатын гүлдер жайқатып өсіп тұрса, ауыл көркін ажарландырып тұрады. Көрікті саябақтың ішіне кірген адам да таза ауада еркін тыныстап, көтеріңкі көңіл-күйде демалып қайтады.

 Осыны ескерген бақбақ-тылықтар өздерінің ауызбірлік-терін көрсетіп, ауыл ішіндегі саябақты көріктендіру мақса-тында ол жерге  ағаш көшеттерін отырғызып, ауқымды жұмысты жүйелі атқарды.

  Дана халқымызда «Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады» деген қанатты сөз бар. Бақбақтылықтардың да бұл атқарған жұмыстары ауыл тұрғындарының ауызбірлігінің арқасында жүзеге асқан игі бастама деп білеміз.

  «Ауылына қарап азаматын таны!» демекші Бақбақты ауылының азаматтары қолға алып, ауызбірлікпен атқарған жұмыстары өзгелерге үлгі - өнеге боларлықтай.

 Жақында ғана аталмыш саябаққа соғыс және еңбек ардагері Алтынбай Сәтбаевтың есімі берілгені баршамызға аян. Міне, содан бері саябақ көркі ардагердің ұрпағының қолға алуымен гүлденіп келеді. Оған нақты дәлел жоға-рыдағы айтылған осындай іс-шаралар десек, ақиқаттан алшақ кетпейміз. Сөзіне ісі сай азаматтың игі істері басқа жандарға жұғысты болса деген тілек тіл ұшына орала береді.

       Ендігі жерде ауылды көгалдандырып, көркейту мақсатында қолға алған істері берекелі болып, еңбектеніп отырғызған ағаш көшеттері келер көктемде өсіп - өніп, жайқалып тұруына тілектес болайық, ағайын!

                            Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

   


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • САЯБАҚҚА ДЕМЕУШІЛЕР КӨМЕГІМЕН КӨШЕТТЕР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
  • Реформалардың мәні – 4: Қуатты өңірлер – қуатты ұлт
  • ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТОЛАҒАЙ
  • ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
  • Президент Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін