ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

395eb8c2-b0bb-45d6-abbd-6412952f5678.jpg

30 қазан - 2 қараша күндері аралығында Атырау қаласында каратэ спортының WKF шито-рю түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің әр өңірлерінен  800 - ге жуық спортшы қатысып, әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, өзара жеңімпаздарды анықтады. Аудан намысын қорғаған жерлестеріміз 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медалдарды еншіледі.

Бірнеше күнге созылған спорттық сайыста қарсыласта-рынан басым түскен М.Сең-гірбаев атындағы орта мек-тебінің түлектері Арман Дулатбай өз салмақ дәрежесінде чемпион атанса, Нұрым Құ-дайберген ІІ-ші орынды ен-шіледі. Ал М.Сеңгірбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Жандос Үйсінбай мен Б.Бейсекбаев атындағы мектеп – гимназиясының оқушысы Аян Серікұлы жүлделі ІІІ-ші орынды иеленді.

Ауданымыздың намысын қорғап жүрген балғын спортшылардың осындай дүбірлі жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінгені - біз үшін мақтаныш болса, спортшылар үшін үлкен жетістік. Ал жетістіктерге жету үлкен ең-бекті талап ететінін айтпаса да белгілі.

Осылайша аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балғын спортшылары республикалық чемпионатта жүлдемен оралып, аудан абыройын асқақтатып, мәртебемізді бір көтеріп тастады.

Салауатты өмір салтын берік ұстанған балғын спорт-шылардың бұл алғашқы жеңісі емес. Олар осыған дейін де бірнеше жарыстарда өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүр.

«Спорт - денсаулық кепілі». Спортпен айналысу ад-амдардың   физикалық және психикалық денсаулығын нығайтудың ең тиімді жолдары. Сондай - ақ спортпен жүйелі түрде айналысу - адамның жалпы өмір сапасын арттырады, денесін шынықтырады және аурулардың алдын алады.

Қасиетті өңіріміздің айбынын асқақтатып жүрген спортшылардың жанқиярлық еңбекпен жеткен жетістіктерін мақтанышпен айтып, олардың есімдерін елге жариялап, әрбір жеңісін ерлікке балап, мақтан тұтамыз. Өйткені спорт ел мен жерді әлемге танытатын мәртебелі сала.

                                                Өз тілшімізден. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году