
Микробтардың микробқа қарсы препараттарға төзімділігі – бүкіл әлем үшін ортақ әрі өзекті мәселе.
Антибиотиктерді дәрігердің нұсқауынсыз қабылдау емнің тиімділігін төмендетіп, болашақта түрлі жұқпалы ауруларды емдеуді қиындатуы мүмкін.
Сондықтан антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындауымен қабылдап, емдеу тәртібі мен белгіленген дозасын қатаң сақтау маңызды.
Есіңізде болсын: антибиотиктерді дұрыс қолдану – өз денсаулығыңызға және қоғам денсаулығына деген жауапкершілік!


