
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – ел өміріндегі маңызды саяси құжаттардың бірі. Онда мемлекеттің даму жолындағы өзекті мәселелер қозғалып, қоғамның алға жылжуына негіз болатын нақты бағыттар мен маңызды міндеттер айқындалады.
Ел болашағының жарқын болуы – бүгінгі қабылданған шешімдер мен атқарылып жатқан жұмыстарға тікелей байланысты. Сондықтан Жолдауда айтылған әрбір бастама халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға, экономиканы нығайтуға, әлеуметтік саланы дамытуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.Қазіргі кезеңде білім мен ғылымның, цифрлық технологиялар мен инновацияның маңызы артып келеді. Заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу, сапалы білім беру, жастардың қабілеті мен әлеуетін дамыту – мемлекет дамуының негізгі тіректерінің бірі. Өйткені білімді ұрпақ – елдің ертеңі, ал саналы азамат – қоғамның қозғаушы күші.
Сонымен қатар, қоғамда заңға құрметпен қарау, еңбекқорлықты дәріптеу, қоғамдық тәртіп пен жауапкершілікті нығайту да ерекше маңызға ие. Әрбір азамат ел тағдырына бейжай қарамай, өз міндетін адал атқарып, ортақ іске үлес қосуы қажет.


