
Аралтөбе жалпы орта білім беретін мектебінде білім әлеміне алғашқы қадам басқан бүлдіршіндерге арналған «Білім бастауы – бастауышта» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Білімге бастар алғашқы баспалдақтарың құтты болсын, жас өрендер! Әрбір күндерің жаңалыққа, жетістікке және қуанышқа толы болсын! Алдағы уақытта биік белестерді бағындырып, білім нәрімен сусындай беріңдер!


