Конституция – халық сенімі мен ел дамуының негізі

IMG_9636.jpeg

Конституция – мемлекеттің құқықтық іргетасы, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің кепілі. Ол елдің даму жолын айқындап, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, ортақ жауапкершілік пен заңға құрметті қалыптастыруға бағытталған.

Жаңа Конституция – жаңашылдыққа ұмтылған қоғамның, ел болашағына деген сенімнің және заман талабына сай өзгерістердің көрінісі. Конституциялық жаңғыру мемлекеттің дамуына тың серпін беріп, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, ел басқару ісіндегі жауапкершіліктің артуына жол ашады.

Қоғамның өркендеуі заң үстемдігіне, азаматтардың бірлігіне, өзара сыйластығы мен адалдығына тікелей байланысты. Әр адам Ата Заңды құрметтеп, оның талаптарын орындау арқылы елдің тұрақтылығы мен дамуына үлес қосады.

Болашағы баянды елдің негізі – әділетті заң, ынтымақты қоғам және саналы азамат. Конституциялық құндылықтарды сақтау – келешек ұрпақ алдындағы ортақ міндетіміз.

Күмісбек Ербаев, журналист.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция – халық сенімі мен ел дамуының негізі
  • «Таза ауыл – жарқын болашақ»
  • «Көңілді үзіліс»
  • «Президент Жолдауы – ел дамуының бағдары»
  • «Ілмекпен тоқу»