
Аудандық «Педагогикалық дебют – 2026» жас мамандар байқауына қатысып, өзінің білімін, кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін жоғары деңгейде көрсете білген «Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» КММ-нің жас маманы Төлемісова Акеркені шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – ізденіс пен еңбектің, талпыныс пен табандылықтың жемісі. Ұстаздық жолдағы алғашқы қадамдарыңыз сәттілікке толы болып, әрбір бастаған ісіңіз биік белестерге жетелей берсін!
Жас маманның кәсіби қалыптасу жолында шығармашылық шабыт, жаңашылдық, шәкірт жүрегінен орын алар біліктілік пен толағай табыстар тілейміз!
Жас маман – жарқын болашақ!
Жетістігіңіз құтты болсын, Акерке!


