
Мектебіміздің мұғалімдері «Қазақтың ұлттық мұрасы – сәукеле жасау өнері» тақырыбында ұйымдастырылған шеберлік сағатына қатысты.
Шара барысында ұстаздарымыз халқымыздың баға жетпес рухани мұрасы саналатын сәукеленің тарихымен, қадір-қасиетімен танысып, оны жасау мен безендірудің қыр-сырын меңгерді. Сонымен қатар қолөнер арқылы шығармашылық қабілеттерін шыңдап, ұлттық нақыштағы бұйымдарды әзірлеу бойынша өзара тәжірибе алмасты.
Ұлттық өнерді ұлықтау – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан асыл мұраны сақтау мен дәріптеудің маңызды жолы. Осындай тағылымды шара ұйымдастырып, қолөнер дәстүрін жаңғыртуға үлес қосқан ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!


