
Музей – өткен тарих пен бүгінгі ұрпақты байланыстыратын, білім мен рухани құндылықтарды насихаттайтын ерекше мәдени орын.
Келушілерге музей залдарындағы құнды жәдігерлерді таныстырып, халқымыздың бай тарихи мұрасы мен мәдени құндылықтары туралы тағылымды ақпарат беру – біздің басты міндетіміз.
Әрбір экскурсия – жаңа білімге жол ашып, таным көкжиегін кеңейтетін ерекше мүмкіндік. Музейге келген әрбір қонақ тарихтың тереңіне үңіліп қана қоймай, рухани әсер алып, өткеннің өнегесінен тағылым түйеді. Өйткені музей – ұлт тарихының шежіресі, ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі!


