
Жаңа Конституцияның басты құндылығы – адам мүддесін, оның қадір-қасиеті мен құқықтарын жоғары орынға қою. Заң үстемдігі орнаған, әрбір азаматтың құқығы қорғалған қоғамда ғана тұрақтылық пен сенім қалыптасады. Сондықтан конституциялық қағидаларды құрметтеу және заң талаптарын сақтау – баршаға ортақ міндет.
Жаңа Конституцияның негізгі идеяларын түсіну, оның құндылықтарын құрметтеу және заңға бағыну – құқықтық сауатты қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.
Әділетті қоғам – заңға құрметтен басталады. Ата Заңымыздың құндылықтарын қастерлеп, еліміздің жарқын болашағы жолында бірлігімізді нығайтайық!
Күмісбек Ербаев,журналист.


