Жемқорлыққа қарсы күрес-бүгінгі күннің талабы

Әлемдегі әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейтін сыбайлас жемқорлық қазіргі таңдағы өзекті проблема болғандықтан, аталған дертпен күресу-біздің басты парызымыз.

Өйткені, жемқорлық демократиялық мемлекетіміздің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізіп, еліміздің дамуына, болашағымыздың жарқын болуына елеулі қауіп төндіреді. Сол себепті де, Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі ол-сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Осы орайда, «Жетісу-адалдық алаңы» жобасы аясында елімізде жемқорлыққа күрес шаралары ұдайы жүргізілуде. Аталған кеңсенің жұмыс жоспарына сәйкес ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстары легі де ауыз толтырып айтарлықтай. Жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарына аудан жастары да өз үлестерін қосып келеді. Атап айтар болсақ, жақында өңірімізде аудан жастарының ұйымдастыруымен «Әдептілік» акциясы өткізілген болатын-ды.

Акция барысында аудан тұрғындарының адалдығына көз жеткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтіндіктері анық байқалды.

Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ, «Балқаш өңірі»

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
  • ҰСЫНЫС - ПІКІРЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
  • ШӨП ОРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
  • АУДАНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
  • Мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мекеме басшылары айлық еңбекақыларын