
Құрметті қатысушылар!
Бүгінгі еңбек терапиясы сабағымыздың тақырыбы – жапон халқының ерекше қолөнер түрі «Кинусайга» өнері.
Кинусайга – матаның түрлі түсті қиындыларын пайдаланып, әдемі суреттер мен көркем композициялар жасау өнері. Бұл әдістің ерекшелігі – ине мен жіп қолданылмайды. Түрлі мата бөліктері арнайы дайындалған негізге орналастырылып, әдемі өрнектер мен бейнелер құрастырылады.
Кинусайга өнері адамның шығармашылық қабілетін дамытып, қиялын ұштайды. Сонымен қатар саусақтардың ұсақ моторикасын жетілдіруге, зейінді шоғырландыруға және көңіл күйді көтеруге көмектеседі.
Бүгін біз осы ерекше өнер түрімен танысып, өз қолымызбен әдемі бұйым жасап көреміз.
Ендеше, баршаңызға сәттілік, көтеріңкі көңіл күй және шығармашылық шабыт тілеймін!


