Жақында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев облыстық Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Амангелді Сембаев және облыстық партиялық бақылау комиссиясының инспекторы Тимур Нүкебаев- пен бірге ауданымызға арнайы келіп, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында «Жол картасына» енгізілген бес қабатты 40 пәтерлі тұрғын-үй мен 30 жалға берілетін үй және Ақдала ауылындағы ФАП ғимаратының құрылыс жұмыстарына мониторингжүргізді. Аталмыш нысандардың құрылыс жұмыстары жоспар бойынша биылғы жылдың соңына дейін аяқталуы керек.
Партия филиалының төрағасы аталмыш құрылысты жүргізіп жатқан мердігерлерге құрылыс жұмыстары сапалы жасалынып, оны дер кезінде аяқтауды және өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарауды қатаң тапсырды.
Ауданымызға арнайы ат басын бұрған қонақтарды «AMANAT» партиясының Балқаш аудандық филиалының төрағасы Данияр Садықбаев бастап жүрсе, ал аудан көлемінде салынып жатқан құрылыс жұмыстарын зерделеу мақсатында келген топ мүшелеріне аудандық мәслихаттың төрағасы Кәдірбек Омаров, аудандық мәслихаттың депутаттары Жайдары Әлімбаева, Елдос Деңгелбаев және аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Айдын Жұмабеков сапарлас болды.
Өз тілшімізден.