Аудан әкімі Ғалым Тоқпейісовтың аудан халқын 1 мамыр-Қазақстан халҚының бірлігі күнімен құттықтауы

6XRtj2F1sWc.jpg

Құрметті балқаштықтар!


Сіздерді татулық пен келісімнің нұрын шашқан 1 мамыр-Қазақстан халқының  бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі, ал бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы. Қазақстан халқының бірлігі мен татулығы жарасқан асыға күтер  мерекелерінің бірі. Бұл күн-әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. 

Бұл күні біз баға жетпес байлығымызды-туған ел игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды дәріптейміз. Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры-татулық пен тұтастығы. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық. Түсіністік пен тұрақтылық-әрбір азамат атсалысып, әркімнің үлес қосуын талап ететін қастерлі құндылық. 

Қазақ қашаннанда бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген  ұлт өкілдерінің бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды  бөлісіп жеген халықпыз. Бүгінде соның арқасында қаймағы бұзылмаған көпұлтты мемлекеттің бірі болып отырмыз!

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету-әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Биыл бұл айтулы мерекені елімізде таралған коронавирус індетіне байланысты онлайн режимде көтереңкі көңіл-күймен қарсы аламыз. Өйткені сақтық шараларын қатаң сақтау-денсаулықтың кепілі. 

Еліміздің өркендеуімен бірге аудан экономикасы да ілгерілеу үстінде. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді бұдан да жарқын, баянды болашақ күтіп тұр.

«Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір» береке-бірлігі жарасқан ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір шаңырақ астында ырыс пен ынтамақта өмір сүруі көңілге қуаныш ұялатады. 

 «Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді біздің дана халқымыз. Мұны ата-бабаларымыз тегіннен-тегін айтпаса керек. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі-Қазақстан халқының ұлтаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Осы берекеміз бұзылмағай. 

Қадірлі қауым! 


1 мамыр-бірлік пен ынтымақ күні. Баршаңызды айтулы мерекемен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, егемен еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісім әрдайым берік болып, қашанда ынтымағымыз бен бірлігіміз мәңгі жасай берсін! 

Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы ажырамас достығы  нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтап, өскелең ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беруге тырысайық. 

Береке-бірлігіміз арта берсін, ағайын!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
  • ҰСЫНЫС - ПІКІРЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
  • ШӨП ОРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
  • АУДАНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
  • Мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мекеме басшылары айлық еңбекақыларын