«Қыстың қамын жаз ойла» демекші аудан көлемінде мал шаруашылығымен тұрақты айналысатын шаруашылықтар қысқы мал азығын дайындау мақсатында шөп шабу жұмыстарын күннен – күнге жандандыруда. Қысқы мал азығын дайындау-бүгінгі күннің басты мәселесі болғандықтан, бұл күрделі әрі маңызды жұмыстар үнемі аудан әкімінің назарында. Сондықтан да осы салаға жауапты мамандар шөп ору науқанын жіті бақылап, үнемі ат үстінде жүр десек те болады.
Ауылшаруашылық сала-сының мамандарының айтуынша, биылғы жылға аудан бойынша 28902 гектар суармалы жерге егін егу жоспарланған. Ал оның 15401 гектарында көпжылдық шөп өсіп тұр. Бүгінгі таңда жоңышқа алқабының 7415 гектары шабылса, 6900 гектары бастырылып, орташа есеппен әр гектарына 15 центнерден айналса, қысқы мал азығына 24150 тонна шөп дайындалған.
Шөп шабу науқанында белсенділік танытып, қыс-қы мал азығын дайындау жұмыстарына атсалысып жатқан шаруашылықтар қата-рында Агрофирма «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серік-тестігі, «Динара» өндірістік кооперативі және «Марат» шаруа қожалығы қамшы салдырмай, көш бастап келеді. Кейбір жекелеген шаруашылықтар да әлдеқашан бірінші орылымды аяқтап қойған.
Қысқы мал азығын дайындау жұмысына білек сыбана кіріскен шаруашылықтардың бірі-Миялы ауылдық округіне қарасты «Береке» шаруа қожалығы.
Аталмыш шаруашылықтың жұмыс қарқынын осы аптаның сейсенбісі күні аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы Нұралы Шүленбаевпен бірге барып, көзбен көрдік. Біз атбасын бұрған шаруашылық шөп ору науқаны басталғалы қысқы мал азығына 1 600 орама шөп дайындап қойыпты.
Шаруашылық басшысы Асқар Сейдахметов 3000 орама бастыруды жоспарлап отыр. Өйткені бұл шаруа қожалықта 520 бас қой, 150 бас сиыр және 87 бас жылқы өсіріледі.
Сапар барысында шаруашылық басшысы жаңадан бастырылған балауса жоңышқаның сапасы жайында әңгіме өрбітіп, қыс айларында оның құнарлы болатынына кәміл сенім білдірді.
Күннің аптап ыстығына қарамастан қысқы мал азы-ғын дайындап, еңбектің қарақазанын қайнатып жатқан «Береке» шаруа қожалығының механизаторларының атқарып жатқан жұмыстары өте күрделі десек те болады. Ол жерден аңғарғаным шаруашылықтағы «МТЗ-80» тракторларының біріне шөп тиегіш құрылғы орнатылса, екіншісіне шөп пірестегіш (Рулон) тіркелген. Механизаторлар Мырзағали Байбеков пен Бақытқали Тынышбаев ауылшарушылық техникаларының қыр - сырын жетік меңгерген. Ал шөп шабуға арналған «Е-216» комбайынын тізгіндеген Рахат Сарыбасовтың өз жұмысының шебері екенін аңғардық.
Дала қосында күндіз-түні тоқтаусыз еңбек етіп жатқан пішеншілердің қайысы бірін алсаңда он саусағынан өнер тамған еңбектің қара нарлары десек те болады.
Шөп ору науқанына бір-кісідей атсалысып жатқан пішеншілермен сұхбаттасқан аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы Нұралы Сматұлы «Еліміздегі ауылшаруашылық өндірісінің маңызды саласы - мал шаруашылығы ежелден қазақтың ата-кәсібі ретінде дамып келе жатыр. Әдетте мал шаруашылығын өркендетуде шешімін табатын шаруа көп қырлы болып келеді. Соның ішінде қысқы мал азығын дайындау ең маңызды мәселе. Өйткені, жеткілікті мал азығы қоры жасалмай мал шаруашылығы ешуақытта серпінді дами алмайды.
Бүгінгі технология қар-ыштап дамыған заманда да мал өсіру шаруасында азықтандыру мәселесі көбіне табиғи жайылымдықтар мен шабындықтардың әлеуетіне әлі де тәуелді болып отыр. Жаңа технологиялар бізге мал азығын дайындау ісін қазіргі заман тұрғысынан толық шешудің тың мүмкіндіктерін ұсынғанымен, біз оны толық пайдалана алмай келеміз.
Сондықтан да, алдымен мал азығының сапасын арттыру өте маңызды мәселе» деп пішеншілердің жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Қыстың қамын жаз ойлайтын» шаруа қожалық басшылары күрең күз түскенше қажетті мал азығын жинап алатындығына бек сенімді. Оған мүмкіндіктері бар екенінде алға тартып отыр.
Аграрлы ауданымызда мал өсірумен тұрақты айналысатын шаруашылықтар үшін биылғы жыл сәттілікке жол сілтеп тұр. Көктем айларындағы жауын – шашынның нәтижесінде жоңышқалық алқаптар мен дала шөптерінің өсімі жылдағыға қарағанда шүйгін. Сондықтанда шөп бағасы аудан тұрғындары үшін де көңіл көншітерлік десек те болады.
Беткейі малға толы, топырағы құнарлы, табиғаты шұрайлы құт мекеніміздің шөбі шүйгін, егіні бітік өссе берекелі ырысы одан әрі молая түсері сөзсіз.
Ендігі кезекте екінші орылымды уақытында бастап, қысқы мал азығын толыққанды жинап алу міндеті тұр.
Ақиқатын айтар болсақ, суармалы жерді тиімді пайдаланғандар өздерінің төккен терлерінің өтеуін көріп жатыр. Бұл тұрғыда атам қазақ айтқан «Қолы қимылдағанның аузы да қимылдайды» демекші, көктемнен бері бел жазбай еткен еңбектерінің жемісін жеуде.
Осылайша дала төсінде қызу жұмыс қарқын алуда. Біз сапар барысында осыған куә болып қайттық.
Ел игілігі үшін жасалынып жатқан жұмыстардың жүйелі атқарылғаны бәріміз үшін маңызды мәселе. Сондықтан да шөп шабу жұмыстарының дер кезінде аяқталуына атсалысып, күннің аптап ыстығына қарамастан дала төсінде жүрген диқаншылардың жұмыстарына тек сәттілік тілейік!
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».