Азық-түлік бағасының тұрақтылығы- басты назарда!

Азық-түлік бағасының тұрақтылығы- басты назарда!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге байланысты мәселелердің шешілуіне ерекше көңіл бөлуді, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырған болатын-ды.

Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы Балқаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Данияр Садықбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Кәдірбек Омаров осы аптада аудан орталығындағы дүкендердегі азық-түлік бағасын бақылап, сонымен қоса дүкендерде коронавирустан сақтану шараларының дұрыс орындалғандығына көз жеткізіп қайтты. Және дүкеншілерге алғашқы қажеттіліктегі азық-түлік бағасын қатаң бақылауда ұстауды жеткізіп, аудан тұрғындары осындай қысылтаяң уақытта бір-біріне қолұшын созып, бір жұдырықтай жұмылған жағдайда ғана біздің бәрін жеңетінімізді баса айтты.

Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
  • ҰСЫНЫС - ПІКІРЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
  • ШӨП ОРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
  • АУДАНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
  • Мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мекеме басшылары айлық еңбекақыларын