ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

IMG_0648.jpeg

«Аудандық мектеп лигасы» аясында 7–8 сынып оқушылары арасында баскетболдан өткен аудандық жарыста Ақдала орта мектебінің қыздар командасы тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды!

Бұл жетістік – қыздарымыздың табандылығының, ұйымшылдығының, спортқа деген қызығушылығы мен жеңіске деген жігерінің нәтижесі.

Жаттықтырушысы: Қуанышбек Бақтияр.

Жеңіс тұғырынан көрінген қыздарымызды және олардың жаттықтырушысын шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еселеніп, алдағы жарыстарда биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беріңіздер!

Жеңісті күндеріңіз көп болсын! Ақдала мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын! 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • АТА ЗАҢ – ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ТІРЕГІ
  • ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ – ЖОЛДАУДА АЙҚЫНДАЛҒАН МІНДЕТТЕР
  • КІШКЕНТАЙ АСПАЗШЫЛАР – ДӘМДІ САЛАТ!
  • ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
  • ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ – ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ