ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ – ЖОЛДАУДА АЙҚЫНДАЛҒАН МІНДЕТТЕР

2d9e9fce-273a-4d04-b8bb-c65624b7f72f.jpeg

Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағдарын айқындайтын, қоғамның өзекті мәселелерін қамтитын маңызды құжат. Онда елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, білім мен ғылымды дамыту, цифрландыру, жаңа технологияларды енгізу, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және қоғамдық тұрақтылықты нығайту бағытындағы басым міндеттер белгіленген.

Жолдауда көтерілген мәселелердің әрқайсысы ел болашағы үшін маңызды. Әсіресе, білім беру сапасын арттыру, жас ұрпаққа сапалы тәрбие мен заманауи білім беру, еңбекқорлық пен жауапкершілікті қалыптастыру – қоғам алдындағы ортақ міндет.

Елдің өркендеуі тек мемлекеттік бағдарламалармен ғана емес, әрбір азаматтың белсенділігімен, адал еңбегімен және ортақ іске қосқан үлесімен өлшенеді. Сондықтан Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға әрбір қазақстандық өз саласында үлес қосуы қажет.

Жолдауды қолдау – ел болашағына бейжай қарамай, ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек ету. Бірлігі бекем, мақсаты айқын елдің болашағы жарқын болмақ!



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • АТА ЗАҢ – ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ТІРЕГІ
  • ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ – ЖОЛДАУДА АЙҚЫНДАЛҒАН МІНДЕТТЕР
  • КІШКЕНТАЙ АСПАЗШЫЛАР – ДӘМДІ САЛАТ!
  • ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
  • ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ – ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ