ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ

9226f559-52d7-4cc5-877f-aa8d2b6d0686.jpg

    2022 жылдан бастап 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде тойлана бастады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойған еді. Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып белгіленді. 

Республика күні 2001 жылдан бастап ұлттық мерекелер тізімінде болған. Бірақ 2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен алынып тасталған болатын. Ал 2022 жылы маусым айында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.

«Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның 25-і күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасады. Осы ретте Мемлекет басшысы да Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтқан болатын.Сондықтанда жыл сайын Республика күнін Қазақстан халқы бір ауыздан тойлап келеді.

Ахмет БАСШЫБАЕВ, аудандық тарихи - өлкетану музейінің директоры.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кегенде Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды
  • В Кегене открыт бюст в честь Заманбека Нұрқадилова
  • ЖАСТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
  • ЖЕРЛЕСІМІЗГЕ ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
  • Алматы облысында 10 мың тоннаға жуық инертті материал әзірленді