ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР

DSC_0591.JPG

Тәуелсіздік деген бойымызға тереңнен нәр беріп, күш – жігерімізді қуаттандыратын қастерлі де қасиетті сөз. Тәуелсіздік қолымыздағы барымыз, қадір тұтып, қастерлейтін тұмарымыз. Ата - бабамыздың аңсап өткен азаттығын көру бізге бұйырған екен. Ендеше оны сақтап тұру, келешек ұрпаққа мирас етіп қалдыру біздің қолымызда.

Ата – бабаларымыздан бізге мирас болып қалған осынау кең байтақ жерімізбен жер байлығымызды қасық қанымыз қалғанша қорғап, еліміздің дамуына бәріміз біркісідей өз үлесімізді қосып, еңбек етуіміз керек. Бір – біріміздің сеніммен қарап, Жаңа Қазақстанды өркендетуге жаңа идеялар ойластырып білім мен ғылымның заманында көштен қалмау үшін қолымыздан келгенінше әрекет еткеніміз абзал.

Ел болашағы  үшін азаттық жолында жан аямай күрескен аға буын өкілдерінің бізге сыйлаған Тәуелсіздігін бүгінгі жастар қауымы қадірлей білген дұрыс деп түсінемін.

      Сол сенімді ақтау үшін қолымыздағы барымызды сақтау үшін қазіргі жастарға нені біліп, нені түсіну керек деген ойлар санамда үнемі тұратыны рас. Кейінгі кезеңдерде болып жатқан сантүрлі жағдайларға байланысты мынандай пікірде  өз ойымды түйіндегім келді.

Біріншеден  білімді және саналы ұрпақ тәрбиелеу:

Тәуелсіз елдің болашағы – білімді жастардың қолында. Мемлекеттің дамуында сапалы білім маңызды рөл атқарады. Жастардың инновациялық ойлау қабілетін дамытуға және ғылым-білім саласында жетістікке жетуіне жағдай жасау.

 Екіншіден Заң және құқықтық тәртіп:

Заңдарды сақтау – мемлекеттің тұрақтылығының кепілі. Әр азамат құқықтарын білуі және басқалардың құқықтарын құрметтеуі тиіс. Әділдік пен Заң үстемдігі қамтамасыз етілсе, қоғамда сенім мен қауіпсіздік орнайды.

Үшіншіден ұлттық мәдениет пен құндылықтарды сақтау:

Тәуелсіздік ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту арқылы нығаяды. Мәдени әртүрлілікке құрметпен қарап, ұлттық және рухани құндылықтарды жастар арасында кеңінен насихаттау қажет.

Төртіншіден Қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту:

Елдегі татулық пен тұрақтылықтың негізі – қоғамдық келісім. Ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтау маңызды. Бірлік пен ынтымақтастықты арттырып, әртүрлі топтардың өзара түсінісуіне жағдай жасау қажет.

Осы орайда өз сөзімді түйіндей келгенде Тәуелсіздіктің жүгін арқалап жүру үлкен жауапкершілік. Оны сақтау және нығайту әр азаматтың саналы әрекеті мен ортақ міндеті һәм парызы. Үлкен  күш-жігерін талап етеді.

Менің ойымша тәуелсіздік – бұл тек құқық емес, ол біздің жауапкершілігімізді де білдіреді. Біз тәуелсіздікті сақтау үшін білімді, мәдениетті және саналы ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.

Бұл – тек жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның міндеті. Біз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді білуіміз, еліміздің мүддесін қорғауымыз және ұлттық құндылықтарды насихаттауымыз қажет.

Өйткені тәуелсіздік – біздің ең үлкен байлығымыз. Оны сақтау және нығайту – әрбір азаматтың міндеті екенін ұмытпаған абзал.

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – білімді, білікті және патриот азаматтардың қолында!

                             Гүлнар КҮЗЕНБАЕВА, Ақкөл орта мектебінің мұғалімі.

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр