Эстафеталық ойын – денсаулық кепілі

IMG_0356.jpeg

«Бақанас арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің дене шынықтыру мұғалімі Қасен Қайсар қызмет алушылар арасында эстафеталық ойындардан жарыс ұйымдастырды.

Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Қызмет алушылар екі командаға бөлініп, жылдамдыққа, ептілікке және дәлдікке арналған түрлі тапсырмаларды орындады. Әр кезеңде қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, жеңіске жету жолында белсенділік танытты.

Эстафеталық ойынға қатысушылар ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Спорттық сайыс олардың дене қимылдарын жетілдіріп, шапшаңдық пен ептіліктерін арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар қатысушылардың өзара қарым-қатынасы нығайып, уақыттары көңілді әрі пайдалы өтті.

Спорт – денсаулық кепілі, белсенді өмір – жарқын көңіл күйдің бастауы!



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Эстафеталық ойын – денсаулық кепілі
  • «Құрдастар арасындағы қарым-қатынас құрметтен басталады»
  • «Сөз өнері» апталығының салтанатты ашылуы өтті
  • Жолдау – ел дамуының маңызды бағдары
  • «Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды