«Сөз өнері» апталығының салтанатты ашылуы өтті

IMG_0352.jpeg

Бақанас мектеп-интернатында «Сөз өнері» бірлестігінің апталығы салтанатты түрде ашылды.

Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың тіл байлығын арттыру, әдебиет пен өнерге деген қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ана тіліне деген құрметін нығайту.

Тіл – ұлттың рухани қазынасы, халықтың баға жетпес байлығы. Сондықтан жас ұрпақтың бойына ана тілін құрметтеу, көркем сөйлеу, сөз қадірін түсіну сияқты асыл қасиеттерді сіңірудің маңызы зор.

Апталық аясында білім алушыларға арналған түрлі танымдық шаралар, әдеби-шығармашылық сайыстар, қызықты байқаулар мен мазмұнды кездесулер ұйымдастырылады. Бұл іс-шаралар оқушылардың білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың өнерге деген ынтасын арттырып, шығармашылық ізденістеріне жол ашады.

Сөз құдіреті – ұлттың рухани байлығы, тіл өнері – ұрпаққа аманат. Ана тіліміздің мәртебесін көтеріп, оның қадір-қасиетін жас ұрпақтың санасына сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Апталықтың жұмысына сәттілік тілеп, барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен көтеріңкі көңіл күй тілейміз!



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Эстафеталық ойын – денсаулық кепілі
  • «Құрдастар арасындағы қарым-қатынас құрметтен басталады»
  • «Сөз өнері» апталығының салтанатты ашылуы өтті
  • Жолдау – ел дамуының маңызды бағдары
  • «Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды