
Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла!» атты байқау ұйымдастырылды.
Байқауға қатысушылар күнделікті тұрмыста қолданылатын қалдық заттарды тиімді пайдаланып, олардан ерекше әрі креативті бұйымдар жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен шеберліктерін көрсетті.
Байқау жеңімпаздары:
● Гран-при – №1 кіші тобы;
● І орын – №6 мектепалды даярлық тобы;
● ІІ орын – №4 ортаңғы тобы және педагогтер;
● ІІІ орын – №7 мектепалды даярлық тобы, №2 мектепалды даярлық тобы, №3 ересек тобы және №5 мектепалды даярлық тобы.
Барлық қатысушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сонымен қатар әр топтың ата-аналарына белсенді қолдау көрсетіп, игі бастамаға атсалысқандары үшін шексіз алғыс білдіреміз.
Осындай шығармашылық шаралар балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастырады. Қалдық заттарға екінші өмір сыйлау арқылы біз табиғатты аялауға және болашақ ұрпаққа таза қоршаған орта қалдыруға өз үлесімізді қосамыз.
Табиғатты аялайық, тазалықты сақтайық!


