
Ғылымға қадам – болашаққа бастама!
Мектебімізде математика, информатика және физика пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ғылым әлеміне саяхат» тақырыбындағы пән апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аталған шара оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, шығармашылық ізденістерін шыңдауға және ғылыми дүниетанымын кеңейтуге бағытталды.
Математика – ойдың ұшқырлығы мен дәлдіктің негізі, физика – табиғат құбылыстарының сырын ашатын ғылым, ал информатика – заманауи технологиялар мен болашақтың кілті. Бұл пәндердің әрқайсысы оқушылардың білім көкжиегін кеңейтіп, жаңаша ойлауына жол ашады.
Пән апталығының ашылуы ғылымның сан қырлы мүмкіндіктерін танытып, оқушыларды тың идеяларға, жаңашылдыққа және ізденіске жетелейтін тағылымды шараға айналды.


