БАСКЕТБОЛДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

IMG_0301.jpeg

2026 жылдың 6–9 қараша күндері Қонаев қаласында 2014 жылы туған жасөспірімдер арасында баскетболдан Алматы облысының чемпионаты өтті.

Облыстық чемпионатта Балқаш ауданының ұлдар командасы жоғары ойын шеберлігін көрсетіп, қарсыластарына лайықты қарсылық танытып, жүлделі ІІІ орынды иеленді!

Бұл жетістік – жас спортшылардың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ жаттықтырушылардың кәсіби дайындығының жемісі.

Жас баскетболшыларымызды және олардың жаттықтырушыларын жарқын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы жарыстарда сәттілік, толағай табыс, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты
  • За десять лет производство электроэнергии из ВИЭ в Казахстане выросло более чем в 16 раз
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
  • БАСКЕТБОЛДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!
  • «ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ»