МЕРЕКЕ ТАРИХЫ

a28e8b42-32f6-49bd-9a6e-9e5d636896ca.jpg

Мерекелер күнтізбесіне енген 25 қазан кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл сол күні 1990 жылы "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан құжат болатын.

Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Сонымен қатар алғаш рет ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді.

Осы декларацияның арқасында ҚазКСР өз ішкі әскерін, мемлекеттік қауіпсіздік пен ішкі істер органдарын құру құқығын алды. Ал президент елдің басшысына айналды.

Республика күні "ұлттық мереке" болып алғаш рет 1995 жылы 18 қазанда жарияланған еді. Алайда ғұмыры ұзаққа бармады: алты жылдан кейін бұл мәртебеден айырылып, "мемлекеттік мереке" санатына өтті.

Ал 2009 жылы сәуірде "Мерекелер туралы" заңға өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, Қазақстанда Республика күні аталып өтпейтін болды.

         Сондықтанда бұл мерекенің қадір – қасиетін жоғары түсініп, бағасын арттырып, барша Қазақстан халқы тойлау жылсайынғы дәстүрге айналды. Биылда дәстүрге айналған ұлттық мереке өз деңгейінде тойланады деп ойлаймын.

      Дәулет ШАЙБАЕВ, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция – мемлекеттің тұрақтылығы мен ел бірлігінің негізі
  • Цифрлық экономика және жасанды интеллект дәуірі
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында
  • Алматы облысында тұмауға қарсы 160 мың доза вакцина дайындалды
  • «Бақытты ана – бақытты бала» тақырыбында семинар өтті