ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ

0aa8481b-1bca-4dec-982d-b8bcd01bace1.jpg

     Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында 25 қазан – Республика күні болып қайта тойлана бастады. Мемлекет басшысы оған "ұлттық мейрам" мәртебесін берді.

Ол өз сөзінде "Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек", - деген болатын Қасым –Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында.

Президенттің тапсырмасы көп ұзамай орындалды. Парламент заң қабылдап, Қасым -Жомарт Тоқаев оған қол қойды. Осылайша 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні болып белгіленді. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып өзгерді.

Айта кетері, заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, Республика күні – елдегі жалғыз ұлттық мейрам.

 Оның мәртебесі барлық мерекеден жоғары болуы маңызды. Келешек ұрпаққа осы мейрамның құндылығын насихаттау бүгінгі аға буын өкілдерінің басты парызы деп білемін.

Кәдірбек ОМАРОВ, аудандық мәслихаттың төрағасы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Касым-Жомарт Токаев выступил на торжественном мероприятии, посвященном Международному женскому дню
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада сөз сөйледі
  • Коалиция мүшелері Үшжарма мектеп интернатының ұжымымен кездесті
  • Коалиция өкілдері каз почта ұжымымен кездесті
  • РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚ ҮНІН ЕСТИТІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ