«Бақытты ана – бақытты бала» тақырыбында семинар өтті

154326ad-a06a-4295-87fc-3195ec1972e1.jpeg

12307ec5-afb1-4b1b-acb7-5d114acde05c.jpeg

Балқаш ауданының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен отбасы құндылықтарын дәріптеу, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру және жас ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуына ықпал ету мақсатында «Бақытты ана – бақытты бала» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға облыстық Аналар кеңесінің мүшелері, аудандық Аналар кеңесінің өкілдері мен жастар қатысты.

Семинар барысында PhD докторы, профессор Амангелді Бақыт мазмұнды баяндама жасап, отбасы институтының қоғамдағы маңызы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, ана мейірімі мен отбасындағы тәрбиенің ұрпақ болашағына ықпалы жөнінде ой қозғады.

Сонымен қатар кездесуде отбасы құндылықтарын сақтау, бала тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрлер мен өнегелі тәрбие, жасөспірімдердің психологиялық саулығы және суицидтің алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Облыстық Аналар кеңесінің мүшелері аталған бағыттар бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісіп, отбасындағы өзара түсіністік пен қолдаудың, балаға дер кезінде көңіл бөлудің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілік пен отбасының қоғамдағы орны туралы тағылымды ойларымен бөлісті.

Семинардың негізгі түйіні – бақытты балалық шақтың негізі мейірімге толы отбасында қалыптасады. Ал саналы ұрпақ тәрбиелеу – баршамызға ортақ міндет.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Цифрлық экономика және жасанды интеллект дәуірі
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында
  • Алматы облысында тұмауға қарсы 160 мың доза вакцина дайындалды
  • «Бақытты ана – бақытты бала» тақырыбында семинар өтті
  • Заң мен тәртіпті сақтау-тұрақтылықтың кепілі