Татулық – біздің басты бағдарымыз

nursultan-bolatuly-e1720096570863-682x375.jpg   

Қашанда татулық пен ынтымақты ту етіп ұстанған біздің мемлекетіміз Шанхай Ынтымақтастық ұйымы 1996 жылы «Шанхай бестігі» деген атаумен құрылған күннен бастап мүшелікке еніп, ондағы тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық тұтастықты сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара күш қолданбау және қолданамын деп қоқанлоқы көрсетпеу сынды талаптарына бағынып, өзіміздің нағыз толерантты ұлт екенімізді дәлелдеп келеді.

Міне, осы аталмыш ұйымның саммиті Елорадамыз Астана қаласында өтуде. Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен өтіп жатқан саммит алғаш рет «ШЫҰ-ға мүше Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы» және «ШЫҰ+» кездесуі форматында өтуде. Ұйымға мүше мемлекеттер арасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі талқылануда. Иә, қазіргі қоғамда түрлі қауіп-қатер көп. Солардың бірі – терроризм, экстремизм, сепаратизм. Саммитте осы қауіптің барынша алдын алу мәселесі көтерілді. Өте құптарлық мәселе. Өйткені қазіргі қоғамның басты жауы да осы терроризм мен экстремизм болып тұр. Сонымен қатар басқосуда  трансұлттық деңгейдегі қауіп-қатерлер мен сын-тәуекелдер көбейгенін, атап айтқанда есірткі тасымалының есіріп бара жатқаны айтылып,  ұйымдасқан халықаралық қылмыстық топтарға қарсы күрес мәселесі қаузалды. Әрине, бұл қауіп-қатермен тек бір мемлекет қана күресе алмайды. Сондықтан Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер осындай дүниені дүрліктіріп отырған қатермен бірлесе күресуі қажет.

Әлемді бөлу емес, бірлікке шақыру, татулыққа үндеуді мақсат еткен ұйымның мүддесі біздің еліміздің де ұстанымымен тура келеді. «Әділетті әлем – біртұтас адамзат баласы» деген ұсынысты мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы да жайдан-жай қозғаған жоқ. Бір-бірімізге алакөзденбей, татулық пен достықты берік ұстанғанда ғана әлем дамиды, өркендейді. Ондағы әрбір тұрғын бейбітшіліктің аспанының астында алаңсыз ғұмыр кешеді. Міне, тарихи мәні зор саммиттің бүгінгі біздің елде өтудегі басты мақсаты да осы. Астананың төрінде, қазақтың байтақ даласының өрінде өтіп жатқан саммит еліміздің әлем елдері алдындағы абыройының асқақтығын тағы бір дәлелдеп берді.

Нұрсұлтан Болатұлы,

«Amanat» партиясы Ұйғыр аудандық филиалының төрағасы


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады