ТҮЛЕКТЕР АЛТЫН ҰЯЛАРЫНА ТАРТУ ЖАСАДЫ

2e9e304d-b4d2-40af-897c-3f8330550980.jpg

Қыран қанша биік ұшса да өзінің балапан күнінде бапталған алтын ұясын ешқашан ұмытпайды. Ол өйткені сол жерде бар балалық балғын шақтарын өткізіп, үлкен өмірге қанат қақты. Адам баласы да өзінің кіндік қаны тамған туған жерін, білім алған алтын ұя мектебін ешуақытта ұмытпай арман қуып алыстарға кетсе де араға бірнеше жылдар салып сағынышпен оралып тұрады.

4074c58e-a57f-46bc-a6cd-448000c22056.jpg

Жыл сайын соңғы қоңырау салтанатты жиындарда мектеп бітіруші түлектердің араға бірнеше жылдар салып, алтын ұя білім шаңырағына сағынышпен оралыпты деген сөзді естіп бір қуанып қалатынбыз. Ал колледж судентерінің білім шаңырағына келіп кездесу өткізіпті деген жайдарман жаңалықты көп естімейміз.

Бұлай деп сөз бастауыма негіз болған аудан орталы-ғындағы Бақанас аграрлы – индустриялдық колледжінде 1981 – 1984 жылдары білім алып,  осыдан 40 жыл бұрын сан түрлі мамандық иегерлері атанып, үлкен өмірге қадам басқан түлектер, яғни ауда-нымыздың 1966 жылы туылған азаматтары мен азаматшалары өздерінің  алтын ұяларына келіп, кездесу өткізді. Бұл азаматтар білім алған жылдары атылмыш білім шаңырағы ауылдық кәсіптік-техникалық училище болып аталатын. Сол кездегі ауыл шаруашылық саласын дамыту мақсатында сан түрлі мамандық иелерін дайындаған білім шаңырағы бүгінде колледж болып өзгеруі де білім алушыларға сапалы білім бере білгендіктің айғағы. 

   Осыдан  46 жыл бұрын іргетасы қаланып, білім алу-шыларға есігін айқара ашқан білім шаңырағынан 40 жыл бұрын үлкен өмірге қадам басқан түлектер өздерінің алтын ұяларына құралақан келмеген. Олар түрлі салада еңбек етіп, еліміздің әр өңірінде елге қызмет жасап жүрсе де өздерінің қанат қаққан алтын ұяларына естелік ретінде колледж ғимаратының алдына  ескерткіш тақтасын орнатыпты. 

   Өткен аптаның сенбісі күні аталмыш білім шаңырағының ұжымы кездесуге келген тү-лектердің тартуын қабыл алып, салтанатты түрде ескерткіш тақтаның лентасын кесіп, мере-келік шара өткізді.

  Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында Бақанас аграрлы – индустриялдық колледжінің директоры Бақытжан Өксікбаев, 40 жылдық түлектерді білім нәрімін сусындатқан ардагер ұстаздар - Қали Құрманғалиев пен Маржан Мырзахожина және 40 жылдық түлектер мен колледж ұстаздары арнайы қатысты.

   Мәдени шарада алғаш-қы болып сөз алған колледж директоры Бақытжан Нұртайұлы «Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі  -  кә-сіптік және техникалық білімге өзіндік үлесін қосып келе жатқан, ауданымыздағы кәсіби маман даярлайтын, бірден-бір  іргелі оқу орны.  Сонау 1977 жылы іргетасы қаланған біздің  білім  шаңырағымызға  бүгінде 46 жыл толып отыр. Осынау жарты ғасырға жуық ғұмырында колледж ауданымызға қажетті 6 мыңнан  аса жұмысшы мамандарды даярлап келді. Кол-леджімізден түлеп ұшқан  сол мамандарымыз облыс және аудан көлемінде беделді жұмыс атқаруда.

      Бүгінде колледжімізде   ауыл-шаруашылық саласына қажетті «Ауылшаруашылығын механикаландыру», «Тамақтандыруды ұйымдастыру»,  «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Есептеу жүйесі және ақпараттық желілер», «Электромонтер», «Орман шаруа-шылығы»  мамандарын  даярлау-дамыз. Ал келесі оқу жылынан бастап жаңа мамандық «Аграномия» мамандығын ашқалы отырмыз» деп білім шаңыра-ғының осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктеріне баса тоқталып, студенттерді білім нәрімен сусындатып жүрген білікті ұстаздардың және үздік студенттердің облыстық, рес-публикалық білім сайыстарында жеңіс тұғырынан көрініп жүргенін мақтанышпен атап өтті.

     Келесі кезекте сөз алған ардагер ұстаздар  Қали Хакімұлы мен Маржан Абдуллақызы өздерінің шәкірттерін көріп көңілдері босап, осындай игі шараны қолға алып, жүзеге асырған түлектеріне риза-шылықтарын білдіріп, осында 40 жыл бұрынғы тарихи оқиғаларды еске алды.

  Мұнан соң 40 жылдық түлектерге  сөз кезегі бері-ліп, олар өздерінің білім шаңырағына сағынышпен ор-алғандарын тілге тиек етіп, өздері білім алған жылдары аталмыш білім шаңырағы «СПТУ-10» ауылдық кәсіптік- техникалық училище деп аталғаны жөнінде айтып, осындай игі бастаманы қолға алып ұйымдастырған Дүйсен Жанат, Жанар, Алпысбай, Бекзат, Еділ, Кенже, Марат, Телжан, Мұрат сынды қыз-жігіттердің есімдерін ерекше атап, кездесу кешке арнайы келген ардагер ұстаздарға және білім шаңырағының басшысына түлектер атынан құрмет көрсетіп, сый - сияпаттарын  табыстады. Кездесу кеш барысында аудандық Мәдениет үйінің қызметкері Әзірхан Жадыраев пен М.Сеңгірбаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Айым Боранқұл әннен шашу шашып, мәдени шараның көрігін қыздыра түсті.

   Мәдени шара соңына 40 жылдық түлектердің білім шаңырағына жасаған тартуы ескерткіш тақтаның лентасы салтанатты түрде кесіліп, шашу шашылып, қуанышты шараға жиналғандардың қошеметтері еселене түсті.

    Ескерткіш тақтаның ашылуынан кейін кездесу кешке арнайы  келген 40 жылдық түлектер колледж ғимаратын аралап, өткен шақтарын еске алып, естелік суреттерге тү-сіп, сағыныштарын басып, қуа-ныштарын еселеп, мәре - сәре болып, бір марқайып қалды.

   Осылайша Бақанас аграрлы - индустриялдық колледжінде тұңғыш рет ұйымдастырылған түлектер кездесуі әсерлі өтті.  

    Бұл игі бастаманы қолға алып, бастаған істі жүзеге асырудың өзі де адам бойынан табыла бермес қасиеттердің бірі. Ауданымыздың азаматтарына үлгі - өнеге көрсетіп жүрген 1966 жылғы туылған қыз – жігіттердің бұл бастамасы келешекте өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

Бұлай деп сенім артуымызға негіз болып тұрған игі бастаманың бірі аудан бойынша 1983 жылғы түлектердің ұйымдастыруымен  Бақанас ауылына кіреберіс жерге қонақтарды күтіп алу, шығарып салуға қажетті нысан салынып, бүгінде аудан тұрғындары пайдалануда. Ал олардың өкшебасар іні-қарындастары да аға жолын жалғап, ауданды көркейтуге түрлі демалыс орындарын салып, игі бастаманы жалғастыруда.

                                             Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады