ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

56f5cf8b-dba3-448c-a315-39db08579d13.jpg

Кеңес  Одағының Батыры, 28 Панфиловшылардың ішіндегі төрт қазақтың бірі, Мұсабек Сеңгірбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай, батырдың даңқты ерлік жолын, туған жері,  өскен елі мен жерінің тыныс - тіршілігін баяндайтын естеліктер жинағы, «Кеңес Одағының Батыры-Мұсабек Сеңгірбаев» атты жаңа туынды жарық көрді. 

  Осы аптаның сәрсенбісі күні аудандық тарихи – өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Ұрпаққа ұран болған ерлік» - атты рухани танымдық шара өткізіліп, Кеңес Одағының Батыры, Балқаштың төл баласы, Көксудың бел баласы, кезіндегі Одақтың тең баласы, жаужүрек жауынгер Мұсабек батырдың немересі Төлеген Мұсабековтың балқаштық бауырларға аманаттап, тарту  еткен сыйы, аталмыш кітап оқырмандар жүрегіне жол тартты.

 Батырдың балқаштық ұр-пақтары, «Балқаш жолдары» ЖШС-нің тең төрағасы Нарымбет Әбдібаев және Бақанас аграрлы-индустриалдық кол-леджінің директоры Бақыт-жан Өксікбаев  жаңа туындыны аудандық тарихи-өлкетану музейіне және  М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп пен аудандық орталық кітапхана ұжымына, сондай-ақ  шараға қатысушыларға салтанатты түрде тапсырып, жиында ау-дандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гаухар Аманжолова сөз кезегін алып, Ақдала ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекен Шыбықбаев, аудандық тарихи-өлкетану музейінің өлкетанушысы Зәуреш Демеуқұлова, Ауған соғысы ардагерлері - Мейрамбек Қантбеков пен Бақтыбек Дәуітбаев  және М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп мұғалімі Ернар Жәнкетай, аудандық орталық кітапхананың кітап-ханашысы Шырын Бөлтірікова батыр ерлігі туралы ой-толғау және тілектерін білдірді. 

 Батагөй қариялардың ақ ба-тасымен басталған мәдени шарада музей қызметкерлерінің  музей экспозициясындағы Мұсабек Сеңгірбаевқа қатысты жәдігерлерге құрылған та-қырыптық экскурсиясы таныс-тырылды. 

 Мәдени шара соңы  батыр ұрпақтарының баба рухына арнап, жайылған ақ дастархан басында Құран - кәрім бағыштап, ас берілді. Мұнда да батыр бабамыздың жасаған ерлігі жайында әңгімелер өрбіді. Сонау сұрапыл соғыс жылдары Мәскеуді жаудан қоғап қалған батыр бабамыздың ерлігін бүгінгі ұрпаққа насихаттау жөнінде іс-шараларды өткізу жоспарланды. Дана халқымызда «Бір адамның батылдығы мың адамға жол салған, бір адамның батырлығы тұтас халықтың атын шығарған» деген қанатты сөз бар. Бұл сөзді Мәскеуді жауға бермей қорғап қалған Мұсабек Сеңгірбаев сынды батыр бабаларымызға арнап айтылған десек, ақиқаттан алшақ кетпеспіз. Шынында да қазақ батырлары қашанда қазақ жерінің қорғаушысы ғана емес, елдік пен рухтың жанашырлары да бола білген. Олар келер ұрпағының бейбіт өмірде ғұмыр кешуін қалап, кеудесін  оққа тосты.

                                                             Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады