ШЫҰ ықпалы арта береді

ШЫҰ ықпалы арта береді

Фото: eldala.kz

shyu-roeli.jpg

Астанада еліміз үшін қай жағынан алсақ та маңызы зор үлкен халықаралық шара – Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр. 1996 жылы “Шанхай бестігі” деген атаумен құрылып, уақыт өте келе аймақтық, одан ірі халықаралық ұйымға айналған ШЫҰ-ға биыл Қазақстан төрағалық етті.

ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ осы жылдар ішінде оған мүше елдердің құқығы тең, тату, бір-біріне өзара қолдау танытатын мемлекетаралық қатынастардың тиімді тетігіне айналғанын атап өтті.

Расымен, аумағында үш миллиардтан астам халық тұратын, экономикасы ірі әрі жылдам дамып келе жатқан елдерден құралған ШЫҰ қазір әлем санасатын құрылымға айналды. Бұған саммит жұмысына қатысуға БҰҰ сияқты әлемдегі 200-ден астам елдің басын біріктіретін ұйым Бас хатшысы Антонио Гутерриштің өзі келуі дәлел болса керек.

Бүгінгі жиында Мемлекет басшысы Қазақстанның төрағалық қызметін қорытындылап, бірқатар стратегиялық маңызы бар мәселені көтерді. Солардың бірі – ұйым елдері арасында қауіпсіздік саласындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайту. Қ.Ж. Тоқаев қазіргі күрделі ахуал – негізінен халықаралық қатынастар жүйесіндегі дағдарыстың салдары екенін айтып, “Осы ретте халықаралық құқықтың кемшін тұстарын түзеп, геосаяси тұрғыдан жікке бөлінуге жол бермеу мақсатымен, түптеп келгенде, жаһандық ауқымдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін ШЫҰ өзінің тұрақтандырушы және жасампаздық рөлін күшейту қажет, – деді.

Президент бұл жерде кәсіби дипломат ретінде Еуразия құрлығындағы жанжалдардың геосаяси тұрғыдан жікке бөлінуден туындап, оның соңы жаһандық қауіпсіздікке нұқсан келтіріп отырғанын меңзеді деп білемін. Сол себепті де ол халықаралық қауымдастықты үлкен ойыншыға айнала бастаған ШЫҰ-ның жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тұрақтылыққа кепіл болатын рөлін пайдалануға шақырды деп ойлаймын.

Батырхан Мендебаев,

Алматы облысының және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы,

Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдайды
  • Алматы облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдайды
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
  • АҚДАЛА АУЫЛЫНДА ФАП ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҰҒЫРЫ БИІКТЕГЕН КҮН