ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАП ШЫҚТЫ

106cb1aa-6c35-4f72-bc02-e265f5892c4a.jpg

Осы аптада аудан әкімінің орынбасары Бөріхан Әбдібаев  аудан көлеміндегі жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын аралап, құрылыс нысандарының бүгінгі жағдайымен танысып, жай-жапсарын анықтады.

Бөріхан Нарымбетұлы алдымен Бақанас ауылында салынып жатқан 30 жалгерлік тұрғын үйлерді аралаудан бастады. Іссапар барысында аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Айбын Жұмабековпен 2022-2023 жылдарға арналған құрылыс нысанының жұмыстарын өз жауапкершілігіне алған «Асан М Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс бөлімше басшысы Нұрбол Аманқұловпен  тұрғын үйлердің бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстары жайында мәселелерді талқылады.

Келесі кезекте Ақдала ауылдық округінде салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыс нысанына атбасын бұрды.

Ол жердегі ФАП ғимаратының құрылыс жұмыстарын жүргізуді өз жауапкершілігіне алған «ГрадСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құр-ылысшыларының айтуынша бүгінгі таңда бетон құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы күндері кірпіш қалау жұмыстары басталады екен.  

Жоғарыда аталған құрылыс нысандарында болған аудан басшысының орынбасары бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыс жағдайын саралап, алдағы уақыт-та атқарылатын жұмыстар бойынша жауапты мердігер компания мамандарына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгі-ленген мерзімде аяқталуына тапсырмалар жүктеді.

Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары өзінің іссапарын аудан орталығынан шалғай орналасқан Жиделі ауылдық округінде жалғастырды. Мұнда да  ауыз су жүйесінің қайта жаңғырту құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін бақылап қайтты. 

Тұрғын үйлер мен ғима-раттардың құрылыс жұмыстары сапалы болып жасалса, ол дүниенің берекелі болғандығы.  Сапасы мен сәулеті үйлесіп салынған құрылыс нысандары ұзақ жылдар бойы ауыл ажарын көріктендіріп тұрады. Сондықтанда  құрылысшылардың жұмыстарына жан-жақты бақы-лаулар жасап тұру қажет-ақ.  

                                                                                 Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «КӨКТЕМ – 2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӘЗІРЛІГІ ЗЕРДЕЛЕНДІ
  • ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАП ШЫҚТЫ
  • Газ тарту жұмыстары басталды
  • «Біз біргеміз!» ИГІ ІСТІҢ БАСТАУЫ- ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ
  • 4 отбасыны қуантты