«Біз біргеміз!» ИГІ ІСТІҢ БАСТАУЫ- ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ

«Біз біргеміз!»

ИГІ ІСТІҢ БАСТАУЫ-

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ

IMG-20200518-WA0004.jpg



Біз қазақ халқы қашанда «Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған» дана халықпыз. Еліміздегі жарияланған карантин жағдайына байланысты қазіргі таңда өңіріміздегі жалғызбасты аналарға қолұшын созып, көмек көрсету-біздің азаматтық борышымыз болып табылады. Әсіресе, Қасиетті Рамазан айында жасалған көмектің-мың сауабы болары сөзсіз.

Осы орайда, «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында аудан орталығындағы Алматы облысының пал-лиативтік көмек көрсету ауруханасының директоры Иманәлиев Дәурен Жұмазыұлының мұрындық болуымен және аталған ұжымның бірауыздан қолдау көрсетуімен, өңірдегі бес жалғызбасты аналар бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен қамтылды. Атап айтсақ, отбасыларға 25 кг ұн, қант, макарон, күріш өнімдері, шай, сұйық май табысталды. Осындай қиын-қыстау сәтте ұжым қызметкерлерінің өз қаражаттары есебінен демеушілік көрсетуі-өте құптарлық және сауабы мол іс.

«Елім дейтін ері болмаса, ерім дейтін елі қайдан болсын» демекші, осындай қолы жомарт, мәрт азаматтарымызды аудан жұртшылығы қашанда мақтан етеді. Өйткені, қайырымдылық-қашанда адамның жүрегін мейірімді ете түседі.

Алтынай СЕЙТКЕН, "БАЛҚАШ ӨҢІРІ".


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «КӨКТЕМ – 2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӘЗІРЛІГІ ЗЕРДЕЛЕНДІ
  • ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАП ШЫҚТЫ
  • Газ тарту жұмыстары басталды
  • «Біз біргеміз!» ИГІ ІСТІҢ БАСТАУЫ- ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ
  • 4 отбасыны қуантты