«КӨКТЕМ – 2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӘЗІРЛІГІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

f2d0115b-3959-4fe2-9f21-869cb9bc1260.jpg

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылдарға аза-маттық қорғаудың аудандық жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын 2024 жылғы көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындау мақсатында, 2024 жылғы 08 – 09 ақпан аралығында аудан көлемінде «Көктем – 2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аудан әкімінің орынбасары Азамат  Алтынбаевтың басшылығымен өткізілді.

Аудандық шұғыл әрекет ету жасағының құрылымы 2023 жылғы 20 қараша күні аудан әкімінің №284 Қаулысымен 2021 жылғы 29 наурыздағы «Аза-маттық қорғаудың аумақтық құрамалары мен шұғыл әрекет ету жасағын құру туралы» №74 Қаулысына өзгерістер енгізілді.

«Көктем – 2024» Республи-калық командалық-штабтық оқу-жаттығуға шұғыл әрекет ету жасағының құрамында 98 адам, 29 бірлік техникасы жұмылды-рылды.

Оқу-жаттығу барысында, Балқаш ауданына берілген кіріспе бойынша Бақанас ауылының тұсында Іле өзені өтеді, ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты мұздардың кептелісі орын алып, нәтижесінде су деңгейі көтеріліп, И.Ормышев және Т.Бокин көшелерінде орналасқан тұрғын үйлерге су басу қауіп төнген.

Осы аталған кіріспе бойынша, басқару органдары мен штабтың жұмыстары ұйымдастырылып, ауданның шұғыл әрекет ету жасағымен авариялық және кезек күт-тірмейтін  жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде И.Ормышев және Т.Бокин көшелеріндегі тұрғын үйлерден қауіптің беті қайтарылып, қалыпты жағдайға келтірілді.

2024 жылғы көктемгі кезең-дегі төтенше жағдайларға аудандық шұғыл әрекет ету жасағының құрылымының күштері мен құралдарының да-йындығы пысықталды.

                      Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «КӨКТЕМ – 2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӘЗІРЛІГІ ЗЕРДЕЛЕНДІ
  • ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАП ШЫҚТЫ
  • Газ тарту жұмыстары басталды
  • «Біз біргеміз!» ИГІ ІСТІҢ БАСТАУЫ- ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ
  • 4 отбасыны қуантты