Газ тарту жұмыстары басталды

Бақанас ауылының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттама жасалып, мемле-кеттік сараптамадан оң қорытынды алынған болатын. 

Жоба бойынша ауыл іші газ құбырының ұзындығы - 68 242 метр, оның ішінде төмен қысымды газ құбырының жалпы ұзындығы-54064 метр, орташа қысымды газ құбырының жалпы ұзындығы-14178 метр, және де  27 газ тарату щит орналастыру жоспарланған. Газдың жалпы шығыны-5000м3/сағ. Құрылыс-монтаж жұмыстарының ұзақтығы 6 ай. Аудан орталығына газ тарту жұмыстары үстіміздегі  жылдың тамыз айынан басталған  болатын. 

Тапсырыс беруші  «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі, ал мердігер «Дәуір Капитал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 Бүгінгі таңда 500 метр газ құбырлары (пластикалық) жалғанып, Паллиативтік көмек ауруханасы маңынан тереңдігі 1,40 метр болатын 2500 метр траншея қазылды. Құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.


Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық

және тұрғын үй инспекциясы бөлімі


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «КӨКТЕМ – 2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӘЗІРЛІГІ ЗЕРДЕЛЕНДІ
  • ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАП ШЫҚТЫ
  • Газ тарту жұмыстары басталды
  • «Біз біргеміз!» ИГІ ІСТІҢ БАСТАУЫ- ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ
  • 4 отбасыны қуантты