Алматы облысында 101 құтқарушы оқытытылды

8306f16e-c121-44e1-a080-c8c7f93824bf.jpeg

Алматы облысында 101 құтқарушы оқытылды

Бүгінгі таңда Алматы облысында құтқарушылар, өрт сөндіруші-құтқарушылар және инспекторлар саны жеткіліксіз. Осы және басқа да мәселелер жөнінде Алматы облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Дінмұхамед Жүнісов өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихат барысында мәлімдеді. 

Айтуынша, штат санының аздығы профилактикалық және құтқару жұмыстарын толық көлемде қамтуға кедергі келтіреді.

- Қазіргі таңда көзделген 86 штаттық бірліктің 77-сі ғана толықтырылған, ал 9 бірлік бос. Бұл біліктілік талаптарына байланысты. Яғни, 3 жылдан аз жұмыс істеген қызметкерлерді бас құтқарушы лауазымына тағайындауға болмайды, - деді азаматтық қорғау капитаны.

Сондай-ақ, Қапшағай су қоймасының жағалауында жеке демалыс аймақтарының қызметіне рұқсат етілген аумақтың ұзындығы 45 км құрайтынын ескере отырып, шомылу маусымының қызған кезеңінде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 11 мобильді бекет қойылады. Олардың әрқайсысында 2 құтқарушыдан қызмет атқарады. Осылайша, әр бекеттің жауапкершілік аймағы 4 км-ден асады. Қалыптасқан жағдай шомылу маусымы кезінде халық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді. 

Бұдан бөлек, Департаменттің оқу-жаттығу базасында коммуналдық және жеке жағажайлардың қоғамдық құтқарушыларын даярлау жалғасуда. Дайындық барысында жүзу, құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары жетілдіріледі. Осылайша, 2025 жылы 101 қоғамдық құтқарушы оқытылды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Касым-Жомарт Токаев
  • Касым-Жомарт Токаев
  • Касым-Жомарт Токаев
  • «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін
  • Президент Казахстана выступил на заседании Совета глав государств – участников СНГ