Қасым-Жомарт Тоқаев Түрік Президентін қарсы алды

478a5185-d192-4ad8-9d98-6cc66c943f49.jpeg

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Түркия Президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты.

Түркия Президентінің келуіне орай трап алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. 

Екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар Режеп Тайип Ердоған бастаған Түркия елінің ресми делегациясына «Ata yurda hoş geldiniz!» – «Атажұртқа қош келдіңіз!» деп екі тілде қошемет көрсетті. 

Сол сәтте Түркия мен Қазақстан туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті. 

t.me/aqorda_resmi


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Касым-Жомарт Токаев
  • Касым-Жомарт Токаев
  • Касым-Жомарт Токаев
  • «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін
  • Президент Казахстана выступил на заседании Совета глав государств – участников СНГ