Гидроэнергетиктер АЭС құрылысын қолдауға дайын

62ad35c3-8fda-40fd-82f1-9f19e9ef4414.jpg

Кәсіби энергетиктер АЭС артықшылығын басқаларға қарағанда жақсы түсінеді.

 АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-інің қызметімен танысып, станция мамандарымен және басшылығымен еліміздің энергетикалық секторын дамыту перспективалары туралы әңгімелесті. Отандық кәсіпорындарды тұрақты энергиямен қамтамасыз ету және энергетикалық тәуелсіздікті нығайту мәселелеріне баса назар аударылды.

 Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Қазақстанға балаларымыз бен немерелеріміздің тұрақты болашағын қамтамасыз ететін сенімді әрі қауіпсіз энергия көзі қажет.

 Ол өз атом электр станциямыздың құрылысы еліміздің көрші мемлекеттерден электр энергия импортына тәуелділігін едәуір қысқартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

559e32d2-7740-4d29-959f-ddaa11fd68f4.jpg

 Кәсіби энергетиктер АЭС артықшылығын басқаларға қарағанда жақсы түсінеді. Мәселен, күн немесе жел сияқты баламалы энергия көздерінің болуына қарамастан, олардың айтарлықтай кемшілігі бар – тиісті жабдықтың жұмысы тәулік уақыты мен ауа-райына байланысты. Егер бізге елдің тұрақты энергиямен жабдықталуы қажет болса, онда атом генерациясы – бұл жалғыз дұрыс шешім.

 ГЭС ұжымы алдағы референдумға белсенді қатысуға және атом электр станциясының құрылысын қолдауға дайын екенін білдірді.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Тазалық пен тәртіп: Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды*
  • Алматы облысында өткен «Қымызмұрындық – 2026» фестиваліне 35 мыңға жуық қонақ келді
  • Конституционный референдум в Казахстане: новый этап реформ
  • Совет Европы выразил поддержку политическим реформам в Казахстане
  • *В Астане от имени Главы государства были вручены ключи от квартир работникам СМИ*