29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы

image.png

Избасар Ерасылан Русланұлы - 2004 жылы 11 маусымда Балқаш ауданы Желторанғы ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Балқаш ауданы Бақанас ауылында тұрады.

2023 жылы көпсалалы облыстық білім беру колледжін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2024 жылы «Балқаш аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қабылдау бөлімінде мейіргер қызметінен бастап, қазіргі уақытқа дейін осы қызметті атқарып келеді.

 Қызмет атқару барысында жоғары бастамашылдығымен, кәсіби біліктілігімен және өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарайтындығымен ерекшеленеді.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жаңа жұмыс орындарын ашу. Ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың жұмыспен қамтылуы – өзекті мәселе. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, кәсіпкерлікті қолдау және ауыл шаруашылығы мен туризм салаларын қатар дамыту арқылы тұрақты жұмыс орындарының көбеюіне ықпал етемін. Негізгі мақсат – ауыл тұрғындарының табысын арттырып, ауданның дотациялық тәуелділігін біртіндеп төмендетуге үлес қосу.

Таза ауыз су және жайлы ауыл – халықтың басты сұранысы.

Аудан экономикасының тұрақты дамуы кәсіпкерліктің өркендеуімен тығыз байланысты.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Қараой мен Көктал ауылдарындағы су құбырларының, су тазарту қондырғыларының және өзге де инженерлік желілердің жағдайын тұрақты назарда ұстаймын. Анықталған ақауларды дер кезінде жөндеу, су сапасын бақылау, үздіксіз су беруді қамтамасыз ету мәселелерін тиісті мекемелер мен жауапты органдар алдында көтеремін. Әрбір отбасы сапалы ауыз суды кедергісіз пайдалануы керек.

«Таза Қазақстан» – таза ауыл. Республикалық экологиялық акция аясында ауылдардың санитарлық жағдайын жақсартуға, көшелер мен қоғамдық орындарды абаттандыруға, ағаш отырғызып, жасыл желекті көбейтуге бағытталған жұмыстарды жандандыруға атсалысамын. Сонымен қатар тұрмыстық қалдықтарды уақытылы әрі жүйелі шығаруды ұйымдастыру, заңсыз қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеу мәселелерін назардан тыс қалдырмаймын.

Ауыл инфрақұрылымын жақсарту. Көшелердің жарықтандырылуы, жолдардың жағдайы, қоғамдық орындардың тазалығы мен балалардың қауіпсіздігі – тұрғындар үшін маңызды мәселелер. Осы бағыттағы түйткілдерді анықтап, оларды кезең-кезеңімен шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс жүргіземін. Ауылдың әрбір көшесі мен қоғамдық кеңістігі тұрғындарға қолайлы болуы тиіс.

Ауыл тұрғындарының тұрақты жұмыспен қамтылуы мен табыс көзінің артуы – әлеуметтіктұрақтылықтың басты кепілі. Осы бағытта жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жеке кәсіп бастауға ниетті азаматтарға мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал етемін. Жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныстары мен мәселелерін назарға алып, олардың бастамаларына қолдау көрсетілуіне атсалысамын.

Балқаш ауданының негізгі тіршілік көзі мен экономикалық әлеуетінің бірі – ауыл шаруашылығы. Сондықтан шаруа қожалықтары мен ауыл еңбеккерлерінің мәселелерін көтеріп, олардың мүдделерін қорғауға басымдық беремін. Мал шаруашылығы мен егіншілікті дамытуға, суармалы жерлерді тиімді пайдалануға, жайылымдық жерлер мәселесін шешуге және шаруалардың мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуіне ықпал етемін. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу көлемін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдаймын. Баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасыларды, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарды және тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындарды қолдау шараларының тиімді жүзеге асуына атсалысамын. Бұл бағытта тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс жүргізіп, тұрғын үй құрылысына жеке инвестиция тарту мүмкіндіктерін де қарастырамын.

Ауыл көшелерінің жағдайы – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Сапалы жол – балалардың мектепке қауіпсіз қатынауына, тұрғындардың емханаға, жұмыс орындарына және басқа да қажетті нысандарға кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.

Туристік мүмкіндіктерді тиімді пайдалану. Өңіріміздің табиғи байлығы мен тарихи ерекшеліктерін кеңінен таныту арқылы туризм саласының дамуына серпін беруге атсалысамын. Туристерді тартуға мүмкіндік беретін нысандарды дамытуға және осы бағыттағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға күш саламын.
  Медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, емдеу мекемелерінің қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі мәселелерін назардан тыс қалдырмаймын. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының жағдайын жақсарту, оқушылардың сапалы білім алуына және олардың қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу бағытындағы жұмыстарға қолдау білдіремін.
 Ауыл экономикасын жандандырудың маңызды тетігі – шағын және орта бизнесті дамыту. Осы бағытта жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныстарын қолдап, жаңа кәсіп түрлерін ашуға, сауда-саттық саласын өркендетуге және тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін бастамалардың жүзеге асуына ықпал етемін.
  Жастардың қоғамдық өмірге араласуына, еріктілік қозғалысына және азаматтық бастамаларына қолдау көрсету. Ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени және спорттық іс-шараларды дамыту жөніндегі ұсыныстар енгізу.

Жас мамандарды ауылда тұрақтандыруға және олардың кәсіби әлеуетін іске асыруға бағытталған шараларды қолдау.

Мен өскелең ұрпақтың спортқа, өнерге және қоғамдық жұмыстарға қызығушылығын арттыруға басымдық беремін.

Ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне, спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға қатысуына жағдай жасауға атсалысамын. Жастардың бастамашылдығы мен шығармашылық ізденістерін қолдауды маңызды міндет деп санаймын.
Менің мақсатым – тек бүгінгі мәселелерді шешуге атсалысу ғана емес, ауылдардың ертеңгі дамуына берік негіз қалыптастыру.

- Шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету;

Ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне жағдай жасау;- Жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламаларын насихаттау.

Білім мен денсаулық – ұлт болашағы - Білім беру мекемелерінің материалдық жағдайын жақсарту мәселесін көтеру;

Ауылдық жерлердегі медициналық қызмет сапасын арттыруға ықпал ету;

- Балалардың сапалы білім мен тәрбие алуына қолдау көрсету;

Аудан экономикасының тұрақты дамуы кәсіпкерліктің өркендеуімен тығыз байланысты.

Спорт пен бұқаралық мәдениетті дамыту.

Жастар мен әлеуметтік осал топтарды қолдау- Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін назарда ұстау;

Мен үшін депутаттық қызмет – мәртебе емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Елдің сенімін ақтау үшін құр сөзден гөрі нақты іске, уәдеден гөрі нәтижеге басымдық беру қажет деп есептеймін.
Әрбір тұрғынның пікірі мен ұсынысы маңызды. Сондықтан халықпен етене байланыста болып, елдің игілігі жолында бірлесе жұмыс істеуге дайынмын.

Ауданымыздың өркендеуі мен ауылдарымыздың гүлденуі – ортақ мақсатымыз.
«Бірлік пен еңбек – берекелі болашақтың негізі!».

Халықтың сенімі – маған жүктелген аманат. Сол аманатқа адал болып, туған жерімнің дамуы мен ел игілігі жолында бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы