
Иманбаев Сырым Мусиралиевич - 1989 жылы 11 ақпанда Алматы облысы Бақанас ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Алматы облысы Желторанғы ауылында тұрады. 2011 жылы Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2024 жылы орман шаруашылығы саласында орманшы қызметінен бастаған. Ал 2026 жылдан бастап аңшылық шаруашылығы саласында аңтанушы маман қызметін атқарып келеді.
Қызмет атқару барысында өзін жауапты, адал әрі еңбекқор маман ретінде көрсете білді. Аңшылық шаруашылығы саласы бойынша қажетті кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын меңгерген.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Менің аудандық мәслихат депутаттығына үміткер болудағы басты мақсатым – өзім туып-өскен туған жерімнің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және халықты толғандырған өзекті мәселелердің оң шешімін табуына ықпал ету. Өйткені туған жердің өркендеуі, ауылдың ажары мен тұрғындардың тұрмыс сапасының жақсаруы – баршамызға ортақ міндет әрі жауапкершілік.
Жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдерінің өзекті мәселелерін зерделеп, олардың шешілуіне ықпал ету. Кәсіпкерлердің өтініштері мен ұсыныстарын мәслихат отырыстарында көтеріп, мемлекеттік қолдау, жеңілдетілген қаржыландыру және кәсіпкерлікке баулу бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімді болуына атсалысу.
Мал және егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының мәселелерін назарда ұстау. Ветеринариялық қызмет көрсету, жемшөппен қамтамасыз ету, суармалы жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бағыттарындағы түйткілдерді тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеріп, олардың оң шешімін табуына ықпал ету.
Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына қолдау көрсету. Жастарды кәсіптік білім алуға, сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге және тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған бастамаларды қолдау. Сонымен қатар ауыл жастарының кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік жасауға атсалысу.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің еңбегін қолдап, жергілікті ет, сүт және егін өнімдерін өткізу нарығын кеңейту мәселесін көтеру. Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, шаруалар мен кәсіпкерлердің жәрмеңкелерге, сауда орындары мен тұрақты өткізу алаңдарына қатысуына жағдай жасауға ықпал ету.
Ауылдық елді мекендердегі жол, ауызсу, электр энергиясы, көше жарығы және абаттандыру мәселелерін тұрақты назарда ұстау. Тұрғындардың тұрмыс сапасына, шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік нысандардың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін инфрақұрылымдық мәселелерді мәслихатта және тиістімекемелер алдында көтеру.
Әлеуметтік осал топтағы отбасыларға, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға, сондай-ақ көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарға атсалысу. «Мектепке жол» акциясы секілді игі бастамалардың жалғасын табуына ықпал ету. Кәсіпкерлер арасында қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға.
Кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарының басшыларымен және ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын жүйелі түрде жинақтау. Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді мәслихат отырыстарында көтеріп, тиісті органдармен бірлесе отырып, шешу жолдарын қарастыру. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы тұрғындарға ашық әрі жүйелі түрде есеп беріп отыру.
Бұқаралық спортты дамыту. Ауыл балалары мен жасөспірімдеріне арналған күрес, бокс, футбол және басқа да спорт түрлері бойынша тегін үйірмелер мен секциялар ашуға ықпал етемін. Білікті жаттықтырушыларды тарту, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, ауылішілік және аудандық деңгейдегі жарыстарды тұрақты өткізу мәселелеріне басымдық беремін. Жастардың бастамаларына қолдау көрсету. Жастардың білім алуына, кәсіп меңгеруіне, жұмыспен қамтылуына және өз кәсібін ашуына бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімді болуына ықпал етемін.
Ауылдардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жобаларды қолдау.
Жастардың бастамашылдығы мен шығармашылық ізденістерін қолдауды маңызды міндет деп санаймын.
- Балалардың сапалы білім мен тәрбие алуына қолдау көрсету;
- Спорт пен бұқаралық мәдениетті дамыту.
Жер – ауылдың негізгі байлығы, ал оны тиімді пайдалану – экономикалық дамудың маңызды шарты. Ауыл маңындағы және аудан аумағындағы мақсатты пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оларды заң аясында мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандыру мәселесін көтеремін.
Ауыл шаруашылығы саласында еңбек ете жүріп, ауылдың тыныс-тіршілігін, шаруалардың күнделікті жұмыс барысында кездесетін қиындықтарын, ауыл тұрғындарының талап-тілектері мен мұң-мұқтажын жақсы түсінемін. Ауылдың дамуы ең алдымен еңбек адамына жасалған жағдайға, өндірістің өркендеуіне және халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына тікелей байланысты. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласын қолдау, шаруа қожалықтарының дамуына мүмкіндік жасау, шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету басты назарымда болады.
Білім мен денсаулық – ұлт болашағы - Білім беру мекемелерінің материалдық жағдайын жақсарту мәселесін көтеру;
Жастардың білім алуына, кәсіп меңгеруіне, жұмыспен қамтылуына және өз кәсібін ашуына бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімді болуына ықпал етемін.
Ауылдардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жобаларды қолдау.
Жастардың бастамашылдығы мен шығармашылық ізденістерін қолдауды маңызды міндет деп санаймын.
Менің мақсатым – тек бүгінгі мәселелерді шешуге атсалысу ғана емес, ауылдардың ертеңгі дамуына берік негіз қалыптастыру.
Сонымен қатар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мәселелердің шешілуіне ерекше көңіл бөлуді көздеймін. Атап айтқанда, ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту, елді мекендерді таза ауызсумен қамтамасыз ету, инженерлік-коммуникациялық желілерді дамыту, көшелерді жарықтандыру және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу – уақыт күттірмейтін маңызды міндеттер. Бұл мәселелердің барлығы тұрғындардың күнделікті тұрмысымен тығыз байланысты болғандықтан, олардың шешілуіне өз үлесімді қосуға күш саламын.
Әлеуметтік сала да назардан тыс қалмауы тиіс. Әсіресе, жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына, кәсіп бастауына және өз қабілетін туған жерінде жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасау маңызды. Сонымен бірге ардагерлерге құрмет көрсету, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау білдіру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктеріне назар аудару – қоғам алдындағы ортақ парызымыз.
Менің басты ұстанымым – халықпен тығыз байланыста жұмыс істеп, елді алаңдатқан мәселелерді назарға алып, олардың оң шешімін табуына ықпал ету.
Әрбір ауылдық округтің өзіндік ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тұрғындардың ұсыныстары негізінде нақты жобаларды жүзеге асыруға күш саламын.
Мен үшін ең маңыздысы – сайлаушылардың сенімін ақтау, халықпен тығыз байланыста болу және елдің көкейінде жүрген мәселелерді шешуге нақты үлес қосу.


