29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы

image.png

Ноғайбай Марат Нұраұлы, Балқаш ауданының Қарой ауылында туып-өстім. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірдім, мамандығым – экономист-менеджер. Еңбек жолымды Қарой совхозында жұмысшы болып бастадым, кейін Береке ауылындағы шаруашылықтарда бас бухгалтер, атқарушы және қаржы директоры болып қызмет атқардым.

Береке ауылдық округінің әкімі, Балқаш ауданының қаржы бөлімінің басшысы, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болдым. Балқаш аудандық мәслихатының IV, V, VI шақырылымдарының депутаты ретінде тұрғындардың өтініштерімен тікелей жұмыс істедім. Қазір «Әділет» партиясы Балқаш аудандық филиалын басқарамын. Осы тәжірибе ауыл тұрғындарының мұқтажын терең түсінуге, нақты шешімдер қабылдау мен ашық есеп берудің маңызын ұғынуға мүмкіндік берді.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

1.      ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК

2027 жылы Миялы ауылы Жетісу көшесін орташа жөндеуге, Тасмұрын көшесіне тас төсеуге, Бірлік ауылындағы Ботешов көшесін күрделі жөндеуге және Бәрібаев көшесін орташа жөндеуге қол жеткізу және жолдарды сапалы күтіп ұстауға жәрдемдесу.

2. СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

2027 жылы Миялы ауылы Алтынсарин және Тасмұрын көшелеріне көше жарығын орнатуға, Бірлік ауылында түнгі жарықтандыруды жақсартуға қол жеткізу. Ауылдық елді мекендерді электр энергиясымен және сапалы ауызсумен үздіксіз қамтамасыз етуге, тозған инженерлік желілерді жөндеуге ерекше көңіл бөлу.                    

Қуатты өңірлер – қуатты ел!

 

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Округ тұрғындарының бағдарламаға қатысуына қолдау көрсетіп, мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

2027 жылы Бірлік ауылында ветеринариялық пункт ашуға қол жеткізу. Жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау.

5. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Ауылдың әл-ауқатын көтеру үшін жаңа жұмыс орындарын ашатын инвесторларды тартуға бірлесе жұмыс істеу. Шағын бизнесті дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Бірлік ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктін газ құбырына қосуға қол жеткізу. Ауылдық аурухананың жабдықталуын жақсартуға, дәрігерлердің қызметі мен  ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.

7. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Округтегі мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, білім беру ұйымдарына баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол жеткізу. Балалар және спорт алаңдарын дамытуға, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасауға басымдық беру.

8. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.

9. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ

Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуды, ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.

10. ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР

2027 жылы Бірлік ауылындағы Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізуге қол жеткізу. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында көшелерді абаттандыруға, қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жақсартуға, елді мекендерді көгалдандыруға және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу.

Спортпен шұғылданатын балалар мен жастардың аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысуына қолдау көрсетіп, олардың жол шығындары мен қажетті ұйымдастыру мәселелерін шешуге ықпал етемін.

- Жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету;

- Шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету;

Жер – ауылдың негізгі байлығы, ал оны тиімді пайдалану – экономикалық дамудың маңызды шарты. Ауыл маңындағы және аудан аумағындағы мақсатты пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оларды заң аясында мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандыру мәселесін көтеремін.

Бұл бастама ауылдағы жер ресурстарын тиімді игеруге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға мүмкіндік береді деп сенемін.

Аудан экономикасының тұрақты дамуы кәсіпкерліктің өркендеуімен тығыз байланысты.

Жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жаңа кәсіп түрлерін ашуға жағдай жасау және ауыл тұрғындарының өз кәсібін бастауына мүмкіндік туғызу – алдағы бес жылдағы маңызды міндеттерімнің бірі.

- Ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне жағдай жасау;

Білім мен денсаулық – ұлт болашағы - Білім беру мекемелерінің материалдық жағдайын жақсарту мәселесін көтеру;

- Ауылдық жерлердегі медициналық қызмет сапасын арттыруға ықпал ету;

- Балалардың сапалы білім мен тәрбие алуына қолдау көрсету;

- Спорт пен бұқаралық мәдениетті дамыту.

Жастар мен әлеуметтік осал топтарды қолдау- Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;

- Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін назарда ұстау;

- Ардагерлер мен қарттарға құрмет көрсету;

- Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруға атсалысу.

Тазалық пен экологиялық мәдениет  «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдау;

Іле өзенінің экологиялық жағдайына, су арналарының тазалығы мен суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аудару.

- Аудан аумағын көгалдандыру және көркейту;

- Заңсыз қоқыс орындарының алдын алу;

- Қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын жандандыру.

Халықпен ашық әрі тұрақты байланыс.

-Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу;

- Халықтың өтініштері мен ұсыныстарын назардан тыс қалдырмау;

- Әрбір өзекті мәселені тиісті мекемелер алдында көтеру;

- Депутаттық қызметтің нәтижесі туралы халыққа есеп беру.

Менің басты ұстанымым – халыққа жақын болу, елдің сөзін сөйлеу және ортақ мүдде үшін еңбек ету.

Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарыма негіз!

Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!

Әр шешімім – туған жердің игілігі үшін!

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
  • 29 қараша-ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы