Халықтық штаб: Атом энергетикасы – еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту кепілі

    5d7ce3aa-ab63-48b1-86e3-6f31258625f0.jpg

    Зерттеу нәтижесі АЭС жұмыс істейтін аумақтарда кейбір дақылдардың өнім көлемі артатынын көрсетуде. Бұл ауылшаруашылығы жұмыстарына жасалған жағымды жағдайға, соның ішінде суару және жер өңдеу жүйелерін тұрақты энергиямен жабдықтауға байланысты. АЭС-тың агроөнеркәсіп кешеніне тигізер әсерін Халықтық штаб мүшелері «GREEN Land ALATAU» ЖШС еңбек ұжымымен талқылады. Бұл – жылына 9 мың тонна қияр өсірілетін озық жылыжай кешені. Өнімнің басым бөлігі сыртқы нарыққа шығарылады.

     Елімізде бай табиғи ресурс бар. Алайда оның басым көбісі қалпына келмейтінін ұмытпаған ұстаған жөн. Яғни, қордың да шегі бар.

 Өз кезегінде, кәсіпорынның бас инженері Леонид Садовский Қазақстан табиғи жағдайларға, газ және көмір қорларына тәуелді болмауға тиіс екенін атап өтті.

3c84cc94-bd0f-47c1-8346-f7f09173984e.jpg

 «Көп адам қияр өсіру кезінде күндіз электр қуатын тұтынбаймыз деп ойлайды. Алайда, біз бұлтты күндері, әсіресе қыс мезгілінде электр қуатын пайдалануға мәжбүрміз. Бұл – ауа райына тәуелділіктің нақты мысалы. Сондықтан біздің электр жүйемізге электр энергияның қазіргі түрлерімен қатар атом электр станциясы сияқты тұрақты энергия көзі қажет», – деді ол.

 Осылайша, атом энергетикасы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын тұрақты әрі сенімді энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, агроөнеркәсіп кешенінің ұзақ мерзімді дамуына серпін бере алады. АЭС салу еліміздің энергетикалық тәуелсіздікке, көміртегі ізін төмендетуге және Қазақстанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетін күшейтуге жасалған маңызды қадам болмақ.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр