Бәрекелді!

b8d71309-dfcd-483b-9755-05a477587a47.jpg

Ұлттық құндылықтарды жаңғырту, отбасы мәртебесін арттыру, ата-аналардың үлгі тұтарлық жетістіктерін насихаттау мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткізілетін облыстық «Үлгілі отбасы» байқауы биылда өз жалғасын тапты.

 Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін аталмыш байқуға қатысқан Телтаевтар отбасы  аудан намысын абыроймен қорғады. Жаңа жыл қарсаңында Іле ауданында «Ортақ шаңырақ аясында» өткізілген «Үлгілі отбасы» байқауын қорытындылаған салтанатты шарада Телтаевтар отбасының отағасы Азамат Шаймұханбетұлы мен Эльмира Тұрғанбайқызы арнайы дипломмен марапаталды.

Бүгінде үлгілі отбасылар қатарынан көрініп өзгелерге үлгі болып отырған Телтаевтар отбасында 5 бала тәрбиеленуде. Біз олардың ата-аналарынан алған тәлім-тәрбиені бойларына сіңіріп, аман-есен ер жетіп, халқына қызмет етулеріне тілектес болайық.

            Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі