ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ


e01ca3e9-760a-4529-b1d6-74bd4aab9d43.jpg

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауданның дамуына сүбелі үлес қос-қан бірқатар заматтарға ауданның Құрметті азаматы атағы берілді.

Аудан әкімі Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы салтан-атты шарада  аудан тұрғындарын алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап,  соңынан мара-паттауға кірісті.

Марапаттау барысында КСРО-нің еңбек сің-ірген спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген  жаттықтырушы, ауданның жасөспірімдерінің спортпен айналысуына әр-дайым демеушілік көрсетіп жүрген Дәулет Тұрлыхановқа, ұзақ жылдар Ақдала алқабында еңбектің қара қазанын қайнатып, ауданның егін шаруашылығының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан Исатай Жүнісбаевқа, сонымен қатар ауданның дамуына үлес қосып, әртүрлі салаларда еселі еңбек еткен Тоқтар Бөлекбаевқа, Ізтілеу Тойшыбайұлына, Қасен Шалабаевқа, Дәулетбек Жанботаевқа және Мұрат Мырзахметовке ауданның «Құрметті азаматы» атағын табыстады.

Сондай-ақ аудандық партия филиалының бағ-дарламалары мен жобаларынның жүзеге асуына және 2022 жылдың қараша айында өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанына дайындық  және оны өткізу жұмыстарына қосқан елеулі үлестері үшін аудандық Ардагерлер кең-есінің төрағасы Бақыт Сқабаев пен аудандық «Бірлік» кәсіподақ ұйымының төрағасы Сайран Смағұлов «АМАNАТ» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы 2022 жылы аудан көлемінде қол жеткізген жетістіктерге қысқаша тоқталып, атқарылған толағай жұмыстар жайында әңгіме өрбітті. Сөз соңында ел игілігі үшін атқарылған ауқымды жұмыстардың жемісті аяқталуы аудан азаматтарының еселі еңбегінің ар-қасында екенін тілге тиек етті.

Жиын соңында марапат иелері естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл- күйде тарқасты.

                                                                                                                                                                                                             Бақтығали МЕЙРАМБЕКҰЛЫ, «Балқаш өңірі».

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі