
Іле ауданы Боралдай кентіндегі № 967 сайлау учаскесіне Павловтар отбасы толық құрамда келіп, өз таңдауын жасады.
Тұрғындар ел үшін маңызды саяси науқанға бірлесіп қатысудың айрықша мәнін атап өтті. Отбасы мүшелерінің айтуынша,
қоғам өміріне деген жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстаным ең алдымен отбасында қалыптасады.


